«Skill up» республикалық жастар жобасы 2020

 In Жаңалықтар, Таңдаулы жаңалықтар

«Тұран» университетінің «Тұран-Зерде» түлектер қауымдастығымен 2020 жылдың 26 қарашада «Skill up» республикалық жастар жобасы ұйымдастырылды.

«Magnum cash&carry», «Technodom operator» және «Efes Kazakhstan» серіктес компаниялар өкілдерінің қолдауымен жобаның корпоративтік ортада техникалық және кәсіби дағдыларды қолдану бойынша негізгі мақсатына қол жеткізілді. Жобаға практикалық және кәсіби тәжірибе алған жарты мыңнан астам студент қатысты.

Екінші ретте өткізіліп жатқан “Skill up” өткізілу форматымен ерекшеленді. Барлық карантин шараларын сақтай отыра, спикерлер кішігірім аудитория алдында мастер-класс өткізді. Сонымен қатар, онлайн қатысушыларға тікелей көрсетілім көрсетілді. Барлық қатысушылар бизнестің оқу ортасына қосқан үлесін жоғары бағалады және мұндай мастер-класстар оларға болашақ мамандығымен жақынырақ танысуға, сондай-ақ корпоративтік ойлауды дамытуға көмектесетінін атап өтті.

Бұл жоба Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына – “сапалы білімге” және “лайықты жұмыс пен экономикалық өсуге” сәйкес ұйымдастырылды, қатысушылар Қазақстан жастарының болашақ кәсіби дамуы үшін жаңа білім алды. Студенттердің алған дағдылары олардың еңбек нарығындағы болашақ бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етеді.

“Тұран-Зерде” компанияларымен бірге білім беру ортасы мен бизнес үшін қолайлы платформа құра отырып, кәсібиліктің өсуіне ықпал етуге және болашақта жастарға жоғары кәсіби және құнды мамандар болуға мүмкіндік беруге ұмтылады.

Recent Posts
Skip to content