«EY Kazakhstan» зерттеу нәтижелері «Студенттердің пікірі бойынша үздік жұмыс беруші-2020»

 In Жаңалықтар

EY сарапшылары «Суденттердің пікірі бойынша ең жақсы жұмыс беруші-2020» атты зерттеу жүргізді. Зерттеудің негізгі мақсаты студенттердің жұмыс берушіні таңдауда қандай факторларға назар аударатындығын, ақпаратты қайдан алатындығын және университетті бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуда қандай қиындықтарға тап болатындығын анықтау болды.

EY компаниясы қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері жұмыс берушілердің брендтерін қалай қабылдайтынын зерттеді. Мұндай зерттеулерін EY бұрын да жүргізген, 2019 жылы респонденттер жұмыс тәжірибесі бар мамандар болды, ал студенттермен үш жыл бұрын – 2017 жылы сөйлесті.

Зерттеу мақсаттарының бірі, студенттер жұмыс берушіні таңдау кезінде қандай факторларға назар аударатынын, университетті аятағаннан кейін жұмысқа орналасу барысында қандай қиынддыққа тап болатынын және ол жайында ақпаратты қайдан алатынын анықтау болатын.

Зерттеуге Қазақстанның 16 жоғары оқу орнының студенттері, негізінен төртінші курс студенттері қатысты. Сауалнама 2020 жылдың қыркүйегі мен қазаны аралығында, негізінен Алматы және Нұр-сұлтан қалаларының студенттері арасында жүргізілді. Еліміздің ірі университеттері, соның ішінде “Тұран”университеті таңдалды.

Зерттеудің нәтижелерін толығырақ мына сілтемеден көресіздер: https://kursiv.kz/news/obschestvo/2020-12/kak-kazakhstanskie-kompanii-mogut-privlech-molodezh

Сауалнамаға қатысушылар арасында Алматы немесе Нұр-Сұлтандағы EY HR-Академиясынан тренингке қонақ ретінде қатысуға арналған сертификаттың ұтыс ойыны өтті. Жеңімпаз “Тұран” университетінің студенті,”Тұран” университетінің көшбасшылық және Мансап орталығының белсендісі Ерланұлы Әнуар болды.

Ануарды жеңісімен құттықтаймыз және мансап жолында табыс тілейміз!

Recent Posts
Skip to content