Coursera платформасына тегін кіру

 In Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Еңбек ресурстарын дамыту орталығы Coursera онлайн білім беру жүйесімен ынтымақтастық шеңберінде қазақстандықтарға тегін онлайн білім алуға мүмкіндік беріп отыр.

Сoursera.org кеңістігінде 31 салада 4,4 мыңнан астам онлайн курс ұсынылады.

Білім алуды IT, гуманитарлық пәндер, экономика саласы, физика, медицина, тіпті, кәсіпкерлік пен маркетингтен бастауыңызға болады. Курс өту уақыты: 6-9 апта. Әр кезеңде сізге арнайы тапсырмалар мен күнделікті жаттығулар беріледі.

Жобаға қатысу үшін гугл форманы толтырып, артынан сайтқа өтуіңіз шарт.

•өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 14 желтоқсаны, сағат 13:00 дейін
•курсқа қатысу үшін орыс тілін немесе ағылшын тілін жетік білуіңіз керек
•тіркеуден сәтті өткесін 2020 жылдың 14 желтоқсаны курсты бастауыңыз шарт
•курстан өткеніңіз жайлы тегін сертификат алу үшін 2020 жылдың 14 ақпанына дейін курсты толық бітіресіз
•Coursera-дан курстарға шақырту алу үшін Coursera платформасынан e-mail поштаңыз арқылы жеке кабинет ашқаныңыз жөн

Сұрақтарыңыз бойынша Тұран университетінің Даму және Көшбасшылық орталығына хабарласа аласыздар.

Recent Posts
Skip to content