18-20 қараша аралығында халықаралық мамандандырылған аккредитациялау аясында «Тұран» университетінің 12 білім беру бағдарламасы сыналды

 In Жаңалықтар, Таңдаулы жаңалықтар

2020 жылдың 18-20 қарашасында аккредитация және рейтинг сыртқы сараптама агенттігі (АРТА) комиссиясының онлайн-сапары өтті.

Жалпы 12 білім беру бағдарламалары халықаралық аккредитациядан өтті. Олардың ішінде:

  • 6B04102 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • 6B04104 – Әлемдік экономика
  • 6B11301 – Логистика
  • 6B02301 – Аударма ісі
  • 6B03202 – Қоғаммен байланыс
  • 6B04202 – Халықаралық құқық
  • 6B03102 – Аймақтану
  • 6B11102 – Мейрамхана және қонақ үй бизнесі
  • 6B06201 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • 6B02101 – Режиссура
  • 7M02101 – Режиссура
  • 7М02103 – Режиссура

 

«Тұран» университетінің білім беру бағдарламалары халықаралық аккредитацияға, олардың Еуропалық жоғары білім беру аймағында (ESG) сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқауларына сай, АРТА халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растау мақсатында жүзеге асырылды.

Тұран Университетінің ұжымы студенттерге, іскери серіктестерге, жұмыс берушілер мен түлектерге қолдау көрсетіп, мамандандырылған аккредитациялау іс-шараларына белсенді қатысқандары үшін өз ризашылықтарын білдіреді.

Recent Posts
Skip to content