ҰБТ-ға өтініш қабылдау

 In Жаңалықтар, Таңдаулы жаңалықтар

Құрметті колледж және өткен жылдардағы мектеп түлектері, 2020 жылғы 20 сәуірден бастап 10 мамырға дейін ҰБТ-ға (маусым) қатысу үшін өтініштерді қабылдау жүзеге асырылады. Елімізде ТЖ режимін енгізуге байланысты, қоғамдық шоғырлану орындарына бару қажеттілігін болдырмау үшін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау форматы өзгерді.

Ұлттық тестілеу орталығының сайтында Ұқсас мамандық бойынша Мемлекеттік грантқа ие болғысы келетін колледж түлектеріне (кейбір мамандықтар бойынша),  ҰҚСАС ЕМЕС мамандық бойынша оқуға түскісі келетін колледж түлектеріне және өткен жылдардағы мектеп түлектеріне арналған ҰБТ-ға тіркелу БАЗАСЫ АШЫЛДЫ!

Алдын ала онлайн-өтініш беру жөніндегі нұсқаулық:

  • Көрсетілген сілтеме бойынша өтіп, тіркеу батырмасын басу және электрондық поштаны көрсету;
  • Электрондық поштаға келген логин және парольмен сайтта авторизациялану;
  • ЖСН көрсету және сәйкестендіріуден өту
  • Интерфейске тіркеу мәліметтерін енгізу керек;
  • Мына тәсілдің біреуімен төлем жасау керек: банк картасы немесе kz сайты арқылы. Тестілеу бағасы– 2242 теңге;
  • Тіркеуді толықтай аяқтау үшін өтініштің бірегей нөмірін және төлем түбіртегін техникалық хатшыға Whats app арқылы хабарлау қажет: +7 702 777 2579

Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін ЖОО-ның қабылдау комиссиясына қажетті құжаттарды тапсыру қажет.

Recent Posts
Skip to content