“Үздік жас ғалым-2020”

 In Жаңалықтар, Таңдаулы жаңалықтар

2020 жылдың 13 наурызында Нұрсұлтан қаласында “Бөбек” Жалпыұлттық қозғалысы” қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған “I Халықаралық кітап басылымы” жобасының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау өтті. Жоба қорытындысы бойынша “Тұран” университетінің “Халықаралық құқық” мамандығының 3-курс студенті Малікова Айгерім Қайратқызы ТМД ғылыми – білім беру мекемелері арасында “Үздік жас ғалым-2020” номинациясы бойынша II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Біз Малікова Айгерім Қайратқызын марапатпен құттықтаймыз және оған жаңа жеңістер тілейміз!

Recent Posts
Skip to content