«ЭКОНОМИКАНЫҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

 In Жаңалықтар

2020 жылдың 11 қарашасында сағат 16:00-де «Тұран» университетінде Google Meet платформасында онлайн режимінде Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының қолдауымен «Экономиканы цифрлық трансформациялау: әлемдік тәжірибе, проблемалар мен перспективалары» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысы COVID-19 жағдайында цифрландыру процестерін жеделдетуге байланысты мәселелерді талқылауға бағытталды. Бүгінгі таңда пандемияның салдары адам өмірінің барлық салаларына түзетулер енгізіп, цифрлық технологиялар мен қызметтердің әлеуметтік функциясын күшейтті. Қалыптасқан шындықта цифрлық технологиялар бәсекелестік артықшылыққа айналатын, сондай-ақ цифрландырудың әлемдік қарқынынан қалып қоймайтын бизнесті қолдау үшін ұлттық бағдарламалар шеңберінде цифрлық технологияларды дамытуды, компаниялардың цифрлық трансформациясын, мемлекеттік басқаруды, білім беруді қолдау күшейтілуде. Бүкіл әлемде «кеңсе жұмысының» философиясы өзгеруде және тек цифрлық технологиялардың арқасында қашықтан форматына жаппай көшу мүмкін болды. Жетекші экономистердің пікірінше, қазіргі жағдай экономиканың көптеген салаларындағы өндірістік процестердің белсенді өзгеруіне серпін болады.

Зерттеліп отырған мәселені талқылауға түрлі отандық, шетелдік ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ «Тұран» университетінің білім алушылары мен қызметкерлері шақырылды:

  • Жанар Кожумратова – «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ активтерді және инвестициялық жобаларды басқару департаменті корпоративтік жұмыс басқармасының бастығы;
  • Марат Меңдібаев – Басқарма мүшесі, Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan);
  • Диас Шаймарданов – Қазынашылық департаментінің аға дилері;
  • Арупов Акимжан Арупович -э.ғ.д., профессор, Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры;
  • Арупова Надежда Рашитовна -з.ғ.к., МГИМО СІМ доценті (Ресей);
  • Ералина Эльмира Маратовна – PhD, доцент, «Тұран» университеті «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша цифрлық трансформация жағдайында оқытудың жаңа әдістемелерін әзірлеу, сондай-ақ білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту, оның ішінде «Әлемдік экономика» және «Экономика» БББ бойынша білім алушылар арасындағы конкурстарға қатысу үшін ғылыми жобаны әзірлеу туралы қарар қабылданды.

Recent Posts
Skip to content