«Менеджмент» мамандығы – дамыған лексикалық қабілеті, ойлау, жоғары сабырлылық, компания мүдделерін қорғау қабілеттері бар, жоғары білікті басқарушыларды даярлауға бағытталған, экономикалық сферадағы ең беделді, сонымен қатар ең күрделі мамандықтардың бірі.

Әлемдік экономика ғаламдануының қазіргі жағдайында басқару туралы жүйелілік түсінігі бар мамандарға деген қажеттілік күннен-күнге артуда.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жаңа басқарушылық элита біртіндеп қалыптасуда.

«5В050700-Менеджмент» БББ-ның жалпы мақсаты болып  еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, заманауи кәсіпорындармен және нарықтық құрылымдармен сұранысқа ие, қызмет етудің қарқынды түрде өзгеріп жатқан әлеуметтік және кәсіби жағдайларына тиімді бейімделуге қабілетті, негізгі кәсіби функцияларды жоғарғы деңгейде жүзеге асыруға дайын, өз қызметінің кәсіби сфераларын дамытудың сипаты мен бағыттарына сындарлы түрде әсер етуге қабілетті, ұйымдастырушылық жұмыс пен басқарушылық қызметке дағдылары бар экономикалық бейіндегі мамандарды даярлау табылады.

Академиялық дәрежесі: бакалавриат

ҰБТ/АКТ-де таңдау бойынша пәндер:
Математика + География

АКТ пәндері (туыс мамандықтар бойынша түсетіндерге):
Экономика негіздері + Менеджмент

Оқыту нысандары: күндізгі, сырттай, қашықтықтан оқыту технологияларын қамтитын сырттай

Оқыту мерзімі:
орта білімнен кейін 4 жыл
орта кәсіби білімнен кейін 3 жыл
жоғары білімнен кейін 2 жыл

  1. «БИЗНЕС ӘКІМШІЛІК» МАМАНДАНУЫ

Аталған мамандану аясында студенттер шағын кәсіпорынды құру тәртібін, фирма персоналын, оның қаржыларын басқаруды, фирманың бағалық саясатын, кәсіпкерлік қызметке салық салуды, шағын кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды және қызметтің кез-келген аясында өз ісін ашу мен дамыту бойынша студенттерге білім алуға мүмкіндік беретін басқа да мәселелерді үйренеді.

Маманданудың мақсаты болып кәсіпкерлік сферасында алуан түрлі бизнес функцияларды жүзеге асыру үшін жоғары білікті мамандарды тәрбиелеу табылады.

2 «HR МЕНЕДЖМЕНТ» МАМАНДАНУЫ

«HR-менеджмент» мамандануы аясында студенттер персоналды оқыту жүйесін жасап шығаруды, ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қолдауды, қызметкерлерді ынталандыруды қамтитын кәсіпорынның кадрлық саясатын құрудың негіздерін үйренеді. Аталған бағыттың басымды бағыты болып адами ресурстар жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету табылады.

Маманданудың мақсаты болып адами ресурстарды басқарудың тиімді жүйесін құру үшін кадрлық саясат аясындағы жоғары білікті мамандарды қалыптастыру табылады.

Бағдарламаның ерекшеліктері

– Тәжірибелік-бағытталған оқыту;
– Оқытудың инновациялық технологияларын қолдану;

– Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқыту;

– Бағдарлама аяқталғаннан кейін шет тілдерін меңгеру;
– Қазақстанның ең мықты отандық және шетелдік компанияларында тәжірибеден өту;
– Академиялық мобильділік;
– Жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам;
– Бәсекеге қабілетті бітірушілерді даярлау және 95%-ын жұмысқа орналастыру.

  • Кәсіпкерлікке кіріспе
    – Этика және бизнестің құқықтық мазмұны
    – Бизнес-әкімшілік құралдары
    – Бизнесті ұйымдастыру
    – Бизнестегі басқарушылық шешімдер
    – Кәсіпорынның инновациялық қызметін басқару
    – Персоналды басқару
    – Экономикалық талдау құралдары
    – Тәжірибелік менеджмент
    – Start-up
    – Технологиялық жаңарту жағдайында экономиканы басқару
  • «Менеджмент» білім беру бағдарламасында сабақтарды жоғары білікті мамандар жүргізеді, олардың ішінде 10 доктор және 15 экономика ғылымдарының кандидаты, 7 PhD докторы. Жыл сайын оқытушылар ғылыми-зерттеушілік тәжірибеден, шетелде біліктілікті арттыру курстарынан, сонымен қатар ағылшын тілін жетілдіру бойынша курстардан өтеді. Ұжымның негізгі мақсаты – әлемдік нарық үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау деңгейін ары қарай жетілдіруді қамтамасыз ету. Профессорлық-оқытушылық құрам тұрақты түрде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, симпозиумдарға таяу және шет елдердегі симпозиумдарға,  конгресстерге қатысады, шетелдік университеттердің және басқа да ғылыми орталықтардың ғылыми баспаларында өз мақалаларын, ғылыми баяндамаларын, тезистерін жариялайды.Халықаралық бизнес-ортаға тез бейімделу үшін қажетті тәжірибелік қабілеттер мен дағдыларды жетілдіру үшін мамандар, бизнес-жаттықтырушылар, бизнесмендер мен шетелдік компаниялардың өкілдері, шетелдік оқытушылар тартылады. Теориялық, әдістемелік, фундаменталды негіздерді қосқандағы олардың тәжірибесі аталған мамандық бойынша оқыту үрдісін байытады.Біз келесілерге үйретеміз– кәсіпорынды басқару үрідісін ұйымдастыруға,
    – еңбекті ғылыми ұйымдастырумен айналысуға,
    – жұмысын жақсартудың оңтайлы жолдарын ұсыну мақсатында ұйымның өндірістік-экономикалық мүмкіндіктерін талдауға,
    – инновациялар бағдарламаларын жасап шығаруға, оларды орындау бойынша шаралар жоспарын құрастыруға,
    – кәсіпорынның қаржылық және инвестициялық саясатын жасап шығаруға қатысуға,
    – кәсіпорын тауарлары (қызметтер) нарығын зерттеуді ұйымдастыруға,
    – кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалау бойынша ақпаратты жүйелеуге,
    – кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасына зерттеулер жүргізуге,
    – инвестициялық және инновациялық жобаларды жасап шығаруға және оларды басқаруға,
    – иемдену мақсатында кәсіпорындарды экономикалық және техникалық бағалау бойынша жұмыстарды жүргізуге,
    – компанияның ішкі қаржылық есептілігін қалыптастыруға,
    – жалақы мен салықтарды есептеуге,
    – кадрлық саясатпен айналысуға,
    – еңбек нарығы мен персоналды жалға алуды зерттеуге,
    – кадрларды жалдау, бейімдеу, іскерлік бағалау, резервілеу және ротациялау технологияларын орындауды,
    – ұйымдағы іскерлік мансап пен ынталандырушы ортаны модельдеуге.

«Менеджмент» мамандығын шығарушы кафедрада жоғары білікті мамандар, солардың ішінде 7 ғылым докторы және 12 кандидат, 3 PhD докторлары сабақтжүргізеді. Жыл сайын оқытушылар біліктілігін шетелдерде ғылыми-зерттеу тағылымдамалардан, сондай-ақ ағылшын тілін жетілдіру бойынша курстардан өтеді. Ұжымның негізгі міндеті – әлемдік нарықтағы одан әрі жетілдірілген деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ету. Кафедра қызметкерлері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, симпозиумдарға, таяу және алыс шетелдердің конгрестерге үнемі қатысып, ғылыми баяндамалар, тезистер, шетелдік университеттердің ғылыми басылымдарында және басқа да ғылыми орталықтарда мақалаларын жариялайды.

Практикалық біліктіліктер мен дағдыларды жетілдіру үшін, халықаралық бизнес-ортада жылдам бейімделуде бизнес-жаттықтырушылар, бизнесмендер және шетел компанияларының өкілдерінің мамандары тартылады. Осы мамандық бойынша оқу процесінде жинақтаған теориялық, методологиялық, фундаменталды негіздерін, практикалық тәжірибелерін толықтырады.

 

Біз оқытамыз

  • кәсіпорынды басқарудың ұйымдастыру процесін,
  • ұйымның еңбегін ғылыми айналысу,
  • ұйым жұмысын жақсартудың оңтайлы жолдарын ұсынысу мақсатында өндірістік-экономикалық мүмкіндіктерін талдау,
  • инновациялық бағдарламаларды әзірлеу,  іс-шаралар жоспарларын жасау және олардың орындалуын қадағалау,
  • кәсіпорынның қаржылық және инвестициялық саясатын әзірлеуге қатысу,
  • кәсіпорынның тауарлар (қызметтер) нарықтарын зерттеуді ұйымдастыру,
  • кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық ахуал бағалау бойынша, ақпараттарды жүйелеу, талдау,
  • кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасына зерттеулер жүргізу
  • инвестициялық және инновациялық жобаларды әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын басқару,
  • кәсіпорынның экономикалық және техникалық бағалау жұмыстарын жүргізу,
  • бухгалтерлік және салық есебін жүргізу,
  • компанияның ішкі қаржылық есептілік қалыптастыру,
  • жалақы және салықтар есептеу,
  • кадр саясатымен айналысуды
  • еңбек нарығын зерттеу және қызметкерлерді жалдау
  • технологиялар жалдау, бейімдеу, іскерлік бағалау, кадрларды резервтеу және ротациялау,
  • ұйымдағы мотивациялық орта және іскерлік мансап модельдеу.

 

Поспелова Татьяна Васильевна
Исполнительный директор Российского представительства Международной ассоциации «Тройной спирали». Имеет более 10 лет опыта работы с вузами и выращиванием в них проектов и команд и в менторстве университетских стартапов. Руководила организацией и проведением более 10 акселерационных программ в Кремниевой Долине. Эксперт и трекер фонда ФРИИ. Соавтор методического руководства, разработанного РВК, по курсу “Инновационная экономика и технологическое предпринимательство”.

 

 

 

Залучёнова Ольга Михайловна

К.э.н., доцент
Международный сертифицированный аудитор / Ведущий аудитор IRCA ISO 9001:2008, сертифицированный внутренний аудитор по требованиям международных стандартов ISO 9001:2015, ISO 19011:2011.

 

 

 

Хамитова Гузяль Наилевна
Магистр в области психологии, MBA
Директор по персоналу ТОО «BBK Central Eurasia».

 

 

 

 

 

Абсаметова Айгуль Малисовна
К.э.н., MSc in management Эдинбургского университета, стипендиат программы «Болашак», опыт работы в международных организациях, банках, консалтинге и университетах

 

 

 

 

 

Габдуллин Ренат Булатович
к.э.н., ассоциированный профессор, член-корреспондент Международной академии информатизации, Лауреат государственной стипендии для талантливых молодых ученых Республики Казахстан, член Евразийского клуба ученых экономистов

Шет елде:

– Циттау-Герлиц қолданбалы ғылымдар Университеті, Германия
– Varna Economic University, Болгария
– «Үштік спираль» Халықаралық ассоциациясы,
– М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің экономикалық факультеті
– Berjaya University, College of Hospitality, Малайзия
– Istanbul Arel University, Түркия
– Kastamonu University, Түркия
– Б. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресейлік Славян Университеті
– Latvia Business College
– Virginia International University
– Erzincan University, Түркия
– Kent State University, АҚШ

Қазақстанда:

  • “Қазақ-Британ Техникалық Университеті” АҚ
  • Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті
  • Шет тілдер және іскерлік карьера университеті
  • Сүлейман Демирел Университеті
  • “Көкше”Академиясы
  • “Қазақстан туристік қауымдастығы”
  • “О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті”
  • «КИМЭП Университеті» АҚ
  • “Рудный индустриялық институты”
  • С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті.
  • І.Жансүгіров ат. Жетісу мемлекеттік университеті
  • Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
  • Қарағанды экономикалық университеті
  • Ш. Уәлиханов ат. Көкшетау мемлекеттік университеті
  • “Туран-Астана” Университеті
  • Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты
  • ABC Bank Almaty Training Centre
  • ID-GROUP Халықаралық кәсіпкерлік академиясы

Академиялық мобильділік бойынша бағдарламалар:

– Әлемдік экономика және қаржылар институты, Астрахан қаласы, РФ
–Ж. Баласағұн атындағы ҚҰУ басқару және бизнес Институты, Қырғыз Республикасы
– Varna Economic University, Болгария

– Latvia Business College

«Тұран» Университеті тек қана жоғары сапалы білімі ғана емес, сонымен қатар алуан түрлі студенттік өмірімен де студенттерді қызықтырады. Студенттік өмір болашақта өз бетінше өмір сүруге білім алушыларды даярлауға, олардың ғылыми және шығармашылық потенциалын ашып көрсетуге, еңбек нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған университет дамуының тұтас бағдарламасының айнымас бөлігі болып табылады. «Тұран» Университеті студенттік ынталарды үнемі дамытады және қолдайды. «Менеджмент» мамандығының студенттері тұрақты түрде студенттік ғылыми конференцияларға қатысып тұрады. Осы конференциялар жұмысының нәтижелері бойынша тезистер жинақтары басып шығарылады, ал ең мықты жұмыстар алдыңғы қатарлы ғылыми журналдарда жарияланады. Студенттердің бизнес, журналистика, туризм, спорт, мәдениет және т.б. аяларда жастар ұйымдары мен бірлестіктерінің синтезі ретінде сипатталатын студенттік өмірдің алуан түрлі бағыттарында өзін-өзі көрсету үшін барлық мүмкіндіктері бар. Enactus («Еркін кәсіпкерліктегі студенттер»), «Априори» дебаттық тобы, «FRESHЬ» КТК командасы, TarlanTeam клубы, Dаnсe Club спорт клубы секілді және т.б. студенттік ұйымдардағы қызмет білім алушыларға университетке бейімделуге септігін тигізеді, өзін қоғамда көрсете білу үшін мүмкіндіктер ашады, дарындыларды ашып көрсетеді, студенттерге университеттегі стандартты емес жобаларды және айрықша идеяларды қалайша жүзеге асыруға болатындығын, осылайша өз өмірлерін алуан түрлі және жайлы ететіндігін  көрсетеді. «Менеджмент» мамандығының студенттері «Enactus Turan» студенттік ұйымының белсенділері болып табылады және Enactus Kazakhstan National Expo, Тұран университетінің бизнес-идеялар конкурсына, Алматы қаласындағы тұрақты дамыту бойынша Алғашқы Жастар форумына, Тұран университетіндегі Бизнес-инкубатордың ашылуына қатысады

Менеджер кәсібінің басты ерекшелігі болып экономиканың барлық секторларында және меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындарда бітірушілерге сұранысқа ие болуға мүмкіндік беретін оның әмбебаптылығы табылады. Кәсіп ең күшті мансаптық мүмкіндіктерді ұсынады, әсіресе егерде алынған біліммен қоса бітірушіге жұмыс берушілермен бағаланатын басқарушылық және ұйымдастырушылық дарын, ынталылық пен тез тіл табысу секілді қабілеттер қосылса.

«Менеджер» біліктілігі бар бітіруші мансабы екі негізгі бағытта дамуы мүмкін: менеджерлік және кәсіпкерлік.

Менеджерлік мансапта бастапқы, орта және жоғары деңгей позициялары бар. Мұнда келесідей кәсіби өсу орын алуы мүмкін: менеджер көмекшісі →менеджер → бөлім басшысы→ жетекші маман →жоба басшысы→ басқарма басшысы→ вице-президент→ президент. Әдетте бітіруші – менеджерлер өз мансабын орта деңгейлі лауазымнан бастайды.

Егерде де Сізді өз ісіңізді ашу қызықтырса және Сіз кәсіпкерлік мансапты таңдасаңыз, онда мұнда сізді шағын кәсіпорын иесінен танымал қуатты корпорация иесіне дейінгі мансапты баспалдақ күтуде.

Ниеталина Гауһар Құдайбергенқызы, э.ғ.к,. доцент, “Менеджмент” кафедрасының меңгерушісі, “Тұран” университеті
тел. +7 727 260 40 26 (іш. 730)
e-mail: g.niyetalina@turan-edu.kz

Skip to content