Маркетолог- деп оның міндеттеріне талапты қанағаттандыру, бәсекелестікті күшейтетін стратегияны ойластыру, тауардың сұранысын және табысын арттыруға жататын маман иесін айтамыз.Тауардың сұранысқа ие болуы, оның пайда әкелуі осы маркетологтарға байланысты болады,себебі олар сатып алушыға керек тауарды максималды түрде біле алады.

МАРКЕТИНГ мамандығы, маркетологтар тұтыну нарығын, бәсекелестерді зерттеумен ғана емес,өздерінің маркетингтік стратегияларын ұйымдастырумен, тауарлар мен қызметтерді сәтті табысқа келтірумен айналысады.Маркетолог келген ақпаратты зерттеп, қорытынды шығарып, оңтайлы шешім қабылдайды.Алынған нәтижелер негізінде, оңтайлы жолдарды пайдаланып маркетинг кешенін ұйымдастыра отырып, тұтынушының көңілінен шығуға әрекет жасайды.

Академиялық дәреже : Экономика және бизнес бакалавры

ЕНТ/КТА-да таңдау пәні : ГЕОГРАФИЯ

Оқу түрі : күндізгі,сырттай, қашықтықтан оқыту

Оқу ұзақтығы : орта білімнен кейін 4 жыл (күндізгі)

арнаулы орта білімнен кейін 3 жыл (күндізгі, сырттай, қашықтықтан оқыту.)

жоғары білімнен кейін 2 жыл(сырттай, қашықтықтан оқыту)

Кәсіби қызмет саласы  және объектілері

МАРКЕТИНГ мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры келесі салаларда талдау, ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық-басқарушылық (әкімшілік) және білім беру (педагогикалық) қызметті жүзеге асыра алады: салалық және аймақтық нарықтарды зерттеу, әртүрлі меншік түріндегі шаруашылық субъектілердің маркетингтік ортасын зерттеу;  кәсіпорынның маркетинг жүйесін жетілдіру; кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын қалыптастыру. Маркетингті қолдану аясы өте кең. Түлектердің кәсіби қызмет объектілері болып табылады: мемлекеттік мекемелер,  қызмет көрсету кәсіпорындары, әртүрлі экономикалық, өндірістік және делдал кәсіпорын ұйымдары,  халықаралық сауда палаталары, сауда үйлері, көлік және коммуникация,  жобалық және ғылыми-зерттеу институттары,  қоғамдық ұйымдар, ғылыми-зерттеу, білім беру мекемелері.

 Кәсіби қызмет түрлері

МАРКЕТИНГ мамандығы бойынша бакалавр кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

ұйымдық-басқару қызметі кез келген шаруашылық субъектісінің маркетинг қызметін басқаруда маркетинг-менеджменттің ғылыми-әдітемелік және ұйымдық-технологиялық базасын, қағидалары мен технологияларын қолдану негізінде тиімді жүйе жасауды қарастырады;

өндірістік-технологиялық қызмет бакалаврдың адами ресурстарды басқару,   қамсыздандыру, өндіріс және қаржы бөлімдерінің мамандарымен бірге материалдық-техникалық қамсыздандыруды, өндірістік, инновациялық және өткізу қызметін тиімді жүргізу үшін және нарықтағы бәсекелес басымшылықты қамтамасыз ету үшін іске асырылады;

қызмет көрсету- пайдалану қызметі бакалаврдың маркетинг бойынша шаруашылық субъектісінің қызмет көрсету саясатын жүргізуді  негізгі және қосымша қызмет бойынша қарастырады; қатынас шығындарының және қызмет көрсету тиімділігінің есебі; қызметті жылжыту, қызмет сапасын қамтамасыз ету;

– есептік-жобалық қызмет маркетинг бөлімінің ұйымдық құрылымын таңдаудан, маркетинг бюджетін және бизнес-жоспарды жасаудан, тауар ассортиментін тиімділендіру бойынша есептерді жүргізуден, тарату, тауар қозғалысы және жылжыту  жүйесін есептеуден тұрады;

– тәжірибелік-зерттеу қызметі бакалаврдың ұйымның инновациялық саясатын жасаудан және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын және маркетингтік зерттеулер жүргізуден тұрады;

–  білім беру (педагогикалық) қызметі  осы мамандық саласында жалпы білім беру және орта арнаулы білім беру, сонымен қатар кадрлардың біліктілігін жоғарылату және қайта дайындау курстарында  маркетинг пәнінен оқыту қызметімен байланысты.

Кәсіби қызмет бағыттары

маркетингтік қызметті жоспарлау;

-маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;

-компанияның маркетингтік мүмкіндіктеріне бағалау жүргізу (SWOT-талдау әдісі, GAP-талдау, STEP-талдау);

-корпоративті стратегияны қалыптастыру;

-функционалдық стратегияны жасау;

-тауар және баға саясатын жасау және жетілдіру;

-нарықта өткізу және тауарды жылжыту жүйесін ұйымдастыру;

-нарықта тауар және қызметтерді жылжыту үшін маркетингтік коммуникацияны қолдану;

-нарықта бәсекелестік артықшылықты қамтамасыз ететін маркетингтік стратегияны тарату;

-маркетинг қызметіне тексеру, аудит және бақылау жүргізу

Кілтті құзіреттілігі

Заманауи мамандардың құзіреттілігіне қойылатын жоғары талаптар МАРКЕТИНГ  мамандығының түлегіне келесі кілтті құзіреттілікті міндеттейді.

1) әмбебап  (жалпы) құзіреттіліктер:

-жалпы -ғылыми,

-аспаптық,

-әлеуметтік-тұлғалық,

-жалпы мәдени;

2) пәндік-мамандандырылған (кәсіби) құзіреттілік:

-жалпы кәсіптік,

-бейіндік және арнаулы.

«Маркетинг» мамандығының оқу жоспары ресейлік жоо-ларының оқуымен тығыз байланысты юолғандықтан екі дипломды бағдарламаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

                                                 Бакалавриат Магистратура
Арнайы және кәсіби пәндер Элективті Арнайы және кәсіби пәндер Элективті
3.1 Жалпыға бірдей міндетті пәндер

Шет тілі(базалық курс )

Қазақ (Орыс ) тілібазалық курс )

Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Кәсіби қазақ(орыс) тілі

3.2Мамандығы бойынша міндетті пәндер

Экономикалық теория

Микроэкономика

Макроэкономика

Маркетинг

Бухесеп және аудит

Қаржы

Менеджмент

Математика

Маркетингтік зерттеулер

Маркетингті басқару

 

3.3 Таңдау бойынша пәндер

Инноватика

Бизнеске кіріспе

Логикалық ойлауды дамыту

Жұмыс үрдісі мен іскерлік хат

Құқықтық бизнесті қодау

Зияткерлік меншік құқыққтары

Бизнес жоспар

Жобаларды басқару

Инвестициялар

Салық пен салық салу

3.4 Мамандық бойынша таңдау пәндері

Баға және бағаның құрылуы

Экономикадағы стратегиялық әдістер

Стандарттау,сертификаттау және метрология

Брендинг

Маркетингтік логистика

Маркетингтік коммуникациялар

Жарнамалық өнер

Маркетингтік қызметтер

Ғаламтор-маркетинг

Өркениет және дәстүр

Мерчендайзинг

Стратегиялық маркетинг

Маркетингтік талдау

Сауда экономикасы

Халықаралық сауда

Халықаралық маркетинг

3.5 Қосымша таңдау

Ағылшын тілі (сетификатталған курс)

 

Шет тілі (кәсіби)

Тарих және ғылыми философия

Маркетинг-менеджмент

Педагогика

Психология

Менеджмент

Project management (advanced course)

Магистерлік зерттеулердің технологиясы

Инновациялық маркетинг

Практикалық маркетинг

Инновациялық жобалардың маркетингі

Партизандық маркетинг

Сатуды басқару

Қаржы ұйымдарындағы маркетинг

Trade-маркетинг

Сақтандыру маркетингі

Тазабеков Куаныш Амеркулович, кандидат экономических наук, доцент ВАК

Давлетова Майра Турысбековна, кандидат экономических наук, доцент ВАК

Ахметова Шамсия Фахретдиновна, кандидат экономических наук, доцент ВАК

Джампеисова Кульбайран Кульпаевна, кандидат экономических наук, доцент ВАК

Айтуганова Гульнар Нурмахамбетовна,  кандидат экономических наук

Бокижанова Фаиза Иманмадиевна, кандидат экономических наук

Торекулова Улдана Абилмажиевна, PhD

Джумадилдаева Жания Бакитовна, магистр экономических наук

Майдыров Салават Габдулович, кандидат экономических наук

Мичитова Халбинур Дильмуратовна, магистр экономических наук

Нурмагамбетова Меруерт Талантовна, магистр экономических наук

Полухина Елена Александровна,  магистр экономики

«Аскарбеков және PlankionGroup»  «ТИКЕТОН» ЖШС коммуникациялық агенттігі

«ChallengerGroup» компаниясы

«Розница.kz» ЖШС

«LG Electronics Almaty Kazakhstan» компаниясы

ID-GROUP Халықаралық кәсіпкерлік академиясы

SolBridge International School of Business Woosong University

BISAM

Қазақстан Республикасы Маркетинг Академиясы

Плеханов атындағы Ресей экономика университеті

London School of Marketing

DAMURecearchGroup Маркетингтық және социологиялық зерттеулер агенттігі

«Маркетинг және логистика» кафедрасы мынадай шетелдік жоо-лармен қарым-қатынастарда: London School of Marketing (Ұлыбритания), Варна Экономикалық университеті (Болгария), М. Рыскулбеков атындағы Қырғызстан экономикалық университеті (Қырғызстан), Istanbul University (Туркия), Istanbul Arel University (Туркия).

«Маркетолог және логист» студенттік ғылыми үйірмесі

Студенттердің мақалаларын студенттік альманахта жариялару

Студенттердің  « Тиімді тайм-менеджмент» тренингіне қатысуы

Студенттердің «Заманауи ғаламтор-жарнама Қазақстанда» мастер-сыныбына қатысуы

Студенттердің бизнес-жобалары « Бизнес аяқ астында» «Бизнес-оқыту»

Студенттердің TuranInnovation» бизнес-жобалар конкурсына қатысуы

Студенттердің жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысуы

Студенттердің «Тілдер күніне» қатысуы

 

Маркетолог – келешегі бар мамандықтардың бірі болып табылады.Бітірушілер көптеген мүмкіндіктерге ие болады. Маркетолог – барлық салаларда керек адамдар болып есептеледі, себебі олар компанияны бәсекелестікке дайындайды.

Тлеубердинова Айжан Тохтаровна

8 (727) 260-40-26

E-mail: a.tleuberdinova@turan-edu.kz

Skip to content