«Құқықтану» мамандығы бүгінгі күні беделді де ширақ дамушы мамандықтардың бірі болып табылады. Кафедраның түлектері құқық қолдану қызметінің барлық салаларында – мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, құқық қорғау органдарында, сот жүйесінде, сондай-ақ адвокатура мен нотариатта ойдағыдай табысты жұмыс істейді. Түлектердің көпшілігі өзінің мамандықтарын банк саласында, шағын және орташа бизнесте жүзеге асыруда.

Академиялық дәреже: бакалавриат, магистратура, докторантура

ҰБТ/АКТ таңдауы бойынша пән:

Дүниежүзі тарихы + Адам.Қоғам.Құқық.

Дисциплины КТА (для поступающих по родственной специальности): 

Основы теории государства и права + Гражданское право РК

Оқу нысаны: күндізгі, сырттай, қашықтық

Оқу мерзімі:  орта білімнен кейін 4 жыл (күндізгі)

орта кәсіби білімнен кейін 3 жыл (күндізгі, сырттай)

жоғары білімнен кейін 2 жыл (сырттай, қашықтықтан оқыту)

  1. құқық қорғау қызметі
  2. құқық қолдану қызметі

Инновациялық-кәсіпкерлік бағыттылығы

Бакалавриат

 

Магистратура PhD докторантурасы
Арнайы немесе бағдарлы пәндер Элективтік Арнайы немесе бағдарлы пәндер Элективтік Арнайы немесе бағдарлы пәндер Элективтік
Мемлекет және құқық теориясы Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы

 

Құқықтық талдау әдістемесі Қазақстандағы құқықтық ойдың тарихы   Қазіргі замандағы азаматтық құқықтың теориялық және әдістемелік мәселелері
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы   Құқық теориясының өзекті мәселелері   Қылмыстық құқық дамуының ғылыми негіздері
Кәсіби қазақ (орыс) тілі Қазақстан Республикасындағы муниципалдық құқық   Азаматтық заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері   Қылмыстылықпен күресудің әдістемелік негізі ретіндегі жеке теориялар мен криминалистік ілімдер
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (Жалпы бөлім) Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі   Азаматтық-процестік заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері   Қылмыстылықтың жай-күйі мен деңгейін зерттеудің қазіргі заманғы үрдістері
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім) Қазақстан Республикасындағы судьялардың құқықтық мәртебесі   Еңбек заңнамасын қолданудың теориясы мен тәжірибесі   Қазіргі замандағы азаматтық процестік құқық дамуының теориялық және әдістемелік мәселелері
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (Ерекше бөлім) Нотариат   Отбасы заңнамасын қолданудың теорияся мен тәжірибесі   Қылмыстық сот ісін жүргізу: процедуралық және функционалдық-құқықтық құрылысының тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Ерекше бөлім) Адвокатура   Құқық қолдану тәжірибесіндегі қылмыстық заңнаманың өзекті мәселелері   Сақтандыру құқығы дамуының теориялық және әдістемелік мәселелері
Кәсіби бағдарлы шет тілі ҚР құқық қорғау органдарының жүйесі   Құқық қолдану тәжірибесіндегі қылмыстық-процестік заңнаманың өзекті мәселелері   Зияткерлік меншік құқығының өзекті мәселелері
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы ҚР құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайы   Заманауи криминалистік зерттеулердің әдістемесі    
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы Криминология

 

  Жеке тұлғаға қарсы қылмыспен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері    
  Кәсіпкерлік құқық   Криминалистка дамуының заманауи бағыттары    
  Зияткерлік меншік құқығы   Қылмыстарды саралау мен қылмыскерледің типологиясы    
  Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының жүйесі   ҚР нотариат дамуының қазіргі заманғы үрдістері    
  Азаматтық іс жүргізу қағидаларының жүйесі   ҚР адвокатура институты дамуының қазіргі заманғы үрдістері    
  Қазақстан Республикасынің еңбек құқығы   ҚР сот билігінің өзекті мәселелері    
  Қазақстан Республикасының отбасы құқығы   Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесін жетілдірудің негізгі бағыттары    
  Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау   Мемлекеттік қызмет көрсетулерді құқықтық реттеу    
  Көші-қон құқығы   Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің механизмдері    
  Сот дәлелдемелері теориясы   Мемлекеттік қызметті құқықтық реттеуді жетілдірудің мәселелері    
  Қылмыстың жекелеген түрлерін тергеудің ерекшеліктері   Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өзекті мәселелері    
  Криминалистика        
  Судебная экспертология        
  Сот психиатриясы        
  Сот медицинасы        
  Кәсіби бағдарлы шет тілі        
  Ағылшын тілі (Сертификацияланған курс)

 

       
  ҚР қаржы құқығы        
  ҚР банк құқығы        
  Қылмыстық-атқару құқығы        
  Сыбайлас жемқорлықпен күрес        
  ҚР мемлекет және құқық теориясының қазіргі заманғы мәселелері        
  Адам құқықтарын қорғаудың конституциялық негіздері        
  Қылмыстық сот төрелігі        
  Экологиялық құқық        
  Аграрлық құқық        
  Жер құқығы        

Оқу процесі 5 профессор, 22 доцент, 5 аға оқытушылардан тұратын жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамымен қамтамасыз етіледі, заңтану және халықаралық құқық кафедрасының 83% оқытушыларының ғылыми дәрежелері мен атақтары бар, сондай-ақ профессорлар-оқытушылар құрамында экономиканың әртүрлі салаларында, әсіресе ҚР банктерінде, халықаралық құқық қорғау ұйымдарында, төрелік соттарда, кәсіпорындар мен ұйымдарында заң қызметінің ауқымды түрлерін көрстетін заңгерлер, ҚР ІІМ еңбегі сіңген қызметкерлері, отставкідегі полиция полковниктері, лицензияланған сот сарапшылары, медиаторлар, тәжірибелі заңгерлер бар.

Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Мемлекет және құқық институты» ҒЗИ

«ҚР ІІМ академиясы» ҒЗИ

Қазіргі уақытта «Тұран» Университеті Балтық халықаралық академиясы (Рига қ., Латвия), РФ ЖОФҚ Самара заң институты (Самара, Ресей) сияқты шет елдердің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдер құрған. Біздің университетпен Ломоносов атындағы ММУ з.ғ.д., профессор В.И. Селиверстов, Мәскеу мемлекеттік заң академиясының з.ғ.д., профессорлары А.И. Рарог, А.И. Чучаев (Мәскеу қ., Ресей), РФ Экономикалық даму министрлігінің Сыртқы сауда бүкілресейлік академиясының з.ғ.д., профессорлары В.М. Шумилов (Мәскеу қ., Ресей) сияқты ресейлік жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары бірге қызмет жасайды. Сондай-ақ ресейлік жетекші жоғары оқу орындарымен бірге бакалавриат және магистратура бойынша білімнің екі дипломдық бағдарламаларын енгізу жоспарлануда.

«Заңтану және халықаралық құқық» кафедрасындағы студенттік өмір – бұл нағыз әсерлі, ұмытылмайтын сәттер және сүйікті профессорларымыздың тартымды сабақтары. Студенттердің спорт шараларына қатысуға, «Юрист», «Сила закона», «Цивилист», «Жас заңгер» тәрізді бірнеше ғылыми клубтардың мүшелері болуға мүмкіндігі бар. Кафедраның негізінде студенттердің әртүрлі құқықтық мәселелер мен сұрақтар бойынша азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсететін студенттік заң клиникасы жұмыс істейді. Студенттер аталған заң клиникасында жұмыс істей жүріп, алдағы уақытта болашақтағы кәсіби қызметін тиімді жүзеге асыруына мүмкіндік беретін практикалық жұмыстың тәжірибелерін иегереді.   

Заңгер кәсібі қызықты және өте беделді, бірақ айтарлықтай күрделі. Талапкерден тәжірибелі маманға айналу үшін жақсы теориялық және тәжірибелік білімдерге ие болу керек. Яғни, оқудың алғашқы сәттерінен бастап заңшығармашылығының қыр-сырларын, құқықтық нормаларды атқаруды жүзеге асыру мен бақылаудың механизмдерін терең меңгеруге талап қойылады. Мамандықтың өзі заңмен реттелетін және қорғалатын барлық қоғамдық құқықтық қатынастарда қоғамдық тәртіпті қорғау мен заңдарды орындау сияқты заң шығарудың да, атқарудың да әртүрлі салаларында жұмыс істеуді көздейді. Сондай-ақ, заңгерлер шағын бизнестен бастап, ірі қаржы компаниялары мен банктер тәрізді жеке құрылымдарда сұранысқа ие.

Әрине, сот билігін айтпасқа болмас. Бұл салада көп жылдық тәжірибелері бар үздік заңгерлер жұмыс істейді. Сірә, әрбір жас заңгер өзін осы лауазымда көргісі келетін шығар.

Заңгердің еңбегін пайдалануды келесі тұрғыда саралауға болады:

  • заң мекемелерінде: прокуратура, сот жүйесі, ІІМ, Әділет министрлігі;
  • өкілетті биліктің орталық органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында;
  • әртүрлі мемлекеттік қызметтерде;
  • коммерциялық ұйымдарда;
  • еркін кәсіп пен мамандандырылған заң фирмаларының тұлғалары (адвокаттар) ретінде;
  • ғылыми-білім беру мекемелерінде.

Оспанова Джамиля Азизхановна

к.ю.н. доцент, “Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасының меңгерушісі

8(727)260-40-29 (ішкі739)

j.ospanova@turan-edu.kz

Skip to content