Халықаралық бейімдік бағдарлама аясында студенттер сыртқы экономикалық және халықаралық қызметке шығатын халықаралық ұйымдарда, елшіліктерде, консулдықтарда, мемлекеттік қызметте, трансұлттық корпорацияларда, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда сәтті жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды игереді.

Академиялық дәреже: бакалавриат

ҰБТ/АКТ таңдауы бойынша пән:

Дүниежүзі тарихы + Адам.Қоғам.Құқық.

Дисциплины КТА (для поступающих по родственной специальности): 

Основы теории государства и права + Гражданское право РК

Оқу нысаны: күндізгі, сырттай, қашықтық

Оқу мерзіміорта білімнен кейін 4 жыл (күндізгі)

орта кәсіби білімнен кейін 3 жыл (күндізгі, сырттай)

жоғары білімнен кейін 2 жыл (сырттай, қашықтық)

 

  1. Халықаралық құқық саласындағы заң кеңесшісі
  2. Халықаралық құқық саласында адамның құқықтарын қорғау

Инновациялық-кәсіпкерлік бағыттылығы

Бакалавриат Магистратура PhD докторантурасы
Арнайы немесе бағдарлы пәндер Таңдау Арнайы немесе бағдарлы пәндер Таңдау Арнайы немесе бағдарлы пәндер Таңдау
Мемлекет және құқық теориясы ҚР және шет елдердің әкімшілік құқығы        
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы        
Кәсіби қазақ (орыс) тілі ҚР және шет елдердің муниципалдық құқығы        
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (Жалпы бөлім) Еуропалық құқық        
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім) Халықаралық ұйымдар құқығы      
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (Ерекше бөлім) Халықаралық сауда құқығы      
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Ерекше бөлім) Халықаралық шарт құқығы      
Кәсіби бағдарланған шет тілі ҚР және шет елдердің құқық қорғау органдарының жүйесі        
Халықаралық жария құқық ҚР және шет елдердің құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайы        
Халықаралық жеке құқық Халықаралық әуе және теңіз құқығы        
Халықаралық ғарыш құқығы        
ҚР және шет елдердің еңбек құқығы        
ҚР және шет елдердің отбасы құқығы        
  Дипломатиялық және консулдық құқық        
  Адам құқықтарын қорғау бойынша халықаралық органдар ұйымдары мен мен қызметі        
  ҚР сот прецеденттері        
  Шет елдердегі сот прецеденттері        
  ҚР мемлекет және құқық териясының қазіргі заманғы мәселелері        
  Адам құқықтарын қорғаудың конституциялық негіздері        
  ҚР және шет елдердегі адвокатура институты        
  ҚР және шет елдердегі қылмыстық іс жүргізу құқығы        
  ҚР және шет елдердегі азаматтық іс жүргізу құқығы        
  ҚР және шет елдердегі қылмыстық-атқару құқығы        
  Криминология

 

       
  Кәсіпкерлік құқық        
  Зияткерлік меншік құқығы        
  Халықаралық жария құқық қағидаларының жүйесі        
  Халықаралық жеке құқық қағидаларының жүйесі        
  ҚР және шет елдердегі кеден құқығы        
  Халықаралық қаржы құқығы        
  Криминалистика        
  Сот сараптамасы        
  Халықаралық банк құқығы        
  Халықаралық салық құқығы        
  Ағалшын тілі (Сертификатталған курс)        

Оқу процесі 5 профессор, 22 доцент, 5 аға оқытушылардан тұратын жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамымен қамтамасыз етіледі, заңтану және халықаралық құқық кафедрасының 83% оқытушыларының ғылыми дәрежелері мен атақтары бар, сондай-ақ профессорлар-оқытушылар құрамында экономиканың әртүрлі салаларында, әсіресе ҚР банктерінде, халықаралық құқық қорғау ұйымдарында, төрелік соттарда, кәсіпорындар мен ұйымдарында заң қызметінің ауқымды түрлерін көрстетін заңгерлер, ҚР ІІМ еңбегі сіңген қызметкерлері, отставкідегі полиция полковниктері, лицензияланған сот сарапшылары, медиаторлар, тәжірибелі заңгерлер бар.

Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Мемлекет және құқық институты» ҒЗИ

«ҚР ІІМ академиясы» ҒЗИ

Қазіргі уақытта «Тұран» Университеті Балтық халықаралық академиясы (Рига қ., Латвия), РФ ЖОФҚ Самара заң институты (Самара, Ресей) сияқты шет елдердің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдер құрған. Біздің университетпен Ломоносов атындағы ММУ з.ғ.д., профессор В.И. Селиверстов, Мәскеу мемлекеттік заң академиясының з.ғ.д., профессорлары А.И. Рарог, А.И. Чучаев (Мәскеу қ., Ресей), РФ Экономикалық даму министрлігінің Сыртқы сауда бүкілресейлік академиясының з.ғ.д., профессорлары В.М. Шумилов (Мәскеу қ., Ресей) сияқты ресейлік жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары бірге қызмет жасайды. Сондай-ақ ресейлік жетекші жоғары оқу орындарымен бірге бакалавриат және магистратура бойынша білімнің екі дипломдық бағдарламаларын енгізу жоспарлануда.

«Заңтану және халықаралық құқық» кафедрасындағы студенттік өмір – бұл нағыз әсерлі, ұмытылмайтын сәттер және сүйікті профессорларымыздың тартымды сабақтары. Студенттердің спорт шараларына қатысуға, «Юрист», «Сила закона», «Цивилист», «Жас заңгер» тәрізді бірнеше ғылыми клубтардың мүшелері болуға мүмкіндігі бар. Кафедраның негізінде студенттердің әртүрлі құқықтық мәселелер мен сұрақтар бойынша азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсететін студенттік заң клиникасы жұмыс істейді. Студенттер аталған заң клиникасында жұмыс істей жүріп, алдағы уақытта болашақтағы кәсіби қызметін тиімді жүзеге асыруына мүмкіндік беретін практикалық жұмыстың тәжірибелерін иегереді.   

Халықаралық дәрежедегі заңгер Қазақстанның аумағында немесе одан тыс жерлерде шетелдік котрагенттермен өзінің қызметін жүзеге асыратын компанияларда жұмыс істеуі мүмкін заңгерлердің санатын білдіреді. Халықаралық дәрежедегі заңгерлердің меңгерген негізгі тілі – ағылшын тілі, дегенмен компанияның, шетелдік контрагенттің қызмет ету аясына байланысты жұмыс барысында өзге де шет тілдері, әсіресе неміс, француз, қытай тілдері, қолданылады.

Халықаралық дәрежедегі заңгердің қызметін құқық саласындағы «ең жоғары дәрежелі» қызмет ретінде бағалауға болады, себебі тек үздік мамандар ғана халықаралық деңгейде заңтанумен айналысады.

Жұмысқа қойылған шарттар: халықаралық деңгейде заң қызметін жүргізу үшін сапалы жоғары заң білімінің болуы, сондай-ақ, әсіресе, тиісті халықаралық сертификаттармен мақұлданған, шет тілдерін білуі қажет.

Халықаралық дәрежедегі заңгерге, өз ісінің маманына заң саласында да, коммерциялық және мемлекеттік компаниялардағы топ-менеджментке жататын басқару саласында да барлық мансаптық жол ашық.

Кәсіби тәжірибесі мол халықаралық дәрежедегі заңгерлер әртүрлі құқықтық бағыттардағы өзінің заң қызметін көрсету кәсібін ойдағыдай табыспен жүргізеді.

 

Оспанова Джамиля Азизхановна

к.ю.н. доцент, “Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасының меңгерушісі

8(727)260-40-29 (ішкі739)

j.ospanova@turan-edu.kz

Skip to content