«Тұран» университеті магистранттарының Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетіндегі шетелдік ғылыми тағылымдамасы

 In Жаңалықтар

Оқу жоспары және Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті басшылығымен қол жеткізілген келісімі негізінде «Құқықтану» мамандығы магистранттарының тағылымдамасы қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ключко Римма Николаевна жетекшілігімен 27 ақпаннан 12 наурызға дейін жоспарланып, сәтті жүзеге асырылды.

Тағылымдама шеңберінде магистранттар 2019 жылдың 6-7 наурызы аралығында өткен «Инновациялық қоғам қалыптастыру жағдайында құқықтық институттарды жетілдіру тәжірибесі мен құқықтық ғылымды дамыту тенденциялары» тақырыбында XXI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

Тағылымдама магистранттардың кәсіби қасиетін жетілдіруге, оларды Белоруссияның әйгілі университеттерінің бірінде ғылыми ортаға енуіне ерекше мүмкіндік болды.

Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінде тағылымдамадан бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыттағы бірінші және екінші оқу жылындағы «Құқықтану» мамандығының магистранттары – Сырлыбаева Ә.С., Ахметчее А.Д., Бектурганова Г.А., Даутжанов Ф.Т., Жапарова М.З., Имержанов Р.И., Капацина В.И., Качибаиа А.М., Тоқтасын Е.Е., Мақытжан А.Т., Якубов И.О. тағылымдамадан өтті.

Recent Posts