«Тұран» университетінің түлегі Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды

 In Жаңалықтар

2019 жылдың 19 наурызынан бастап Ақмола облысының жаңа әкімі болып тағайындалған «Тұран» университетінің түлегін құттықтаймыз. Ермек Маржықпаев «Тұран» университетін 2001 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек еткен жылдары Аршалы ауданы әкімінің, Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің, Ақмола облысы әкімінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. «Құрмет» орденімен марапатталған.

«Тұран» университеті өз түлектерінің жетістіктерін мақтан тұтады және Ермек Маржықпаевқа жаңа салада өркендеу мен амандық тілейді!

Recent Posts