“Тұран” университетінің командасы Ақтөбе қаласында өткен Х жазғы Универсиаданың күміс жүлдегері атанды!

 In Жаңалықтар

2019 ж.14 мамыр күні “Тұран” университетінің ректоры Р. А. Алшанов 2019 ж. 28 сәуір мен 5 мамыр аралығында Ақтөбе қаласында өткен Х жазғы Универсиадада баскетболдан күміс кубокты жеңіп алған студенттерге құрмет көрсетті. Финалда “Тұран” университетінің командасы 8 команда-финалистер арасында ҚазҰУ командасына қарсы ойнады. Спортшылардың дайындығы және олардың ең үздік нәтижелерінің құпиялары туралы жаттықтырушы – Рукасов Олег Николаевич айтып берді. Ректор жаттықтырушылар мен спортшыларға жанқиярлық еңбегі мен жеңісі үшін алғыс айтты. Кездесу жағымды толқында өтті, балалардың еркін диалогпен және достық атмосферамен есте қалды. Алшанов Р. А. спортшыларға қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауға және халықаралық Олимпаларды бағындыруға тілек білдірді.

Recent Posts