«Тұран» университетінде республикалық деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Sanaly Urpaq» мектебінің алғашқы дәріс сабағы ұйымдастырылды!

 In Жаңалықтар

«Халықаралық деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелері қандай?», «Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қандай жаңа түрлері, құралдары бар?» – деген сұрақтар бойынша, республикалық “Sanaly Urpaq” жобалық кеңсесінің басшысы, ҚР еңбек сіңірген мемлекеттік қызметшісі  – Токушев Қайыржан Ахметбекұлының бастауымен, бүгін (26.10.2020ж.) осы ауқымды сұрақтар бойынша республикалық деңгейде «Sanaly Urpaq» мектебінің алғашқы оқушылары дәріс сабағын тыңдады.

Мектеп мақсаты: 2020-2021 жылдар кезеңіне арналған «Sanaly Urpaq» негізгі миссиясын, сондай-ақ «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру шеңберінде білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы кеңінен білім алу және сыбайлас жемқорлықпен күресу тәсілдері туралы білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан жаппай бас тарту ортасын қалыптастыру болып табылады.

Бұл аталған мектеп жоспары бойынша, ресіми тіркелген республикамыздың төс төңіректеріндегі әр оқушылары мен студенттеріне 26 мен 31 қазан арлықтарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жоспары бойынша бекітілген дәріс саббақтары жүргізілетін болды.

Ал, дәріс сабақтарын жүргізушілер ретінде, білім беру саласының түрлі еңбек сіңізген майталман мұғалңмдері, «Тұран» университетінің доценттері, заң ғылымдарының кандидаттары, тәжірибелі оқытушылар мен аға оқытушылары сабақ жүргізетін болады.

Ресіми деректерге сүйінсек, бұндай аталмыш сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп еліміздің аумағында алғашқы рет ұйымдастырып отыр екен… Ал осы мектепке қызығушылық танытып, ресіми тіркелген адамдар саны республика бойынша 70-тен асады екен.

Сонымен, бүгінгі дәріс нәтижесі бойынша, республикалық “Sanaly Urpaq” жобалық кеңсесінің басшысы, ҚР еңбек сіңірген мемлекеттік қызметшісі  – Токушев Қайыржан Ахметбекұлы барша қатысушыларға сыбайлас жеқорлықтың қоғам мен мемлекетке халықаралық деңгейде келтірер зиянын айтып, толығымен түсіндіріп, оқушыларға осындай іс-шараға «Қатысамын!» деп ниет білдіргендері үшін рақметін білдірді.

Recent Posts
Skip to content