«Тұран» Университетінде «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен кәсіпкерлік оқу орталығы ашылды

 In Жаңалықтар, Таңдаулы жаңалықтар

2020 жылдың 17-ақпанында «Тұран» университетінде «Атамекен» ҚР ҰКП-мен бірлесе отырып құрылған кәсіпкерлік оқу орталығының салтанатты ашылуы өтті.

Оқу орталығының басты миссиясы болып Алматы қаласы ЖОО  студенттерінің кәсіпкерлік қабілеттерін дамыту болып табылады. Оқыту табысты кәсіпкерлердің өз тәжірибелерімен бөліскен дәрістері, тренингтер, білім беру курстары форматында  өтеді.

«Атамекен» ҚР ҰКП-ның ашылу барысында оның директоры Абильшаиков Нариман Бақтыбаевич орталыққа сыйлық ретінде оқыту материалдарының 100 жинағы берілгенін, ал «Тұран» университетімен ақысыз негізде орталықтың қызмет етуі үшін бос бөлме бөлігенін хабарлады.

«Жаңа оқу орталығында өте мазмұнды кездесулер өтетіндігіне, ал спикерлер ретінде танымал кәсіпкерлер қатысатынына сенімдімін. Бұл еңбектің игілігін кітап оқитын, дәрістерді тыңдайтын, сонымен қатар сол кәсіпкерлердің өз тәжірибесімен бөліскенін тыңдай алатын студенттер көреді», – деді ашылу барысында «Тұран» университетінің проректоры Тазабеков Куаныш Амеркулович.

Кәсіпкерлік оқу орталығы кәсіпкерлік аясында дамуға дайын өзінің алғашқы тыңдармандарын күтуде!

Recent Posts
Skip to content