Студенттік кеңестің президентін инаугурациялау 2020
2020 жылы 10 қарашада, сағат 17: 00-де «Тұран» университеті Студенттік кеңесі президентінің инаугурациясы өтті.
Биылғы жылы дауыс беру онлайн форматта өткізілді.Сайлау нәтижесінде 719 дауыс жиналды, оның 62,8% үміткер Дана Елекеноваға, 37,2% Дурия Қыдырбековаға берілді.
Студенттік кеңестің президенті болып «Экономика» мамандығының 3 курс студенті Элекенова Дана жарияланды.
«Журналистика» мамандығының 2 курс студенті Қыдырбекова Дурия студенттер кеңестің вице-президенті болды.
Студенттік кеңестің президенті Дана Елекенованы және студенттік кеңестің вице-президенті Қыдырбекова Дурияны жаңа қызметімен құттықтаймыз.
Студенттік ұжым жаңа белестерді бағындырады деп сенеміз!
Recent Posts