6В06201 «РАДИОТЕХНИКА, ЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР» білім беру бағдарламасы

Қазақстан нарығында телекоммуникацияның қарқынды дамуы және жаңа операторлардың пайда болуы заманауи телекоммуникациялық жүйелердің құрылымы және ұлттық, ұлтаралық ақпараттық-коммуникациялық желілердің даму тенденциялары туралы ұғымдарды игерген телекоммуникация саласының мамандарын дайындауды талап етеді. Оқыту үрдісінде алынған білім және дағдылар Қазақстанның және шет елдің ірі телекоммуникациялық компанияларында сымды, деректер тарату, ақпараттық-есептеу желілерінің, радиобайланыс, соның ішінде теледидар және радиохабар желілерінің барлық жүйелерін жобалау, құру, оларға қызмет көрсету және пайдалану бойынша инженерлік-техникалық қызметкерлер ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Академиялық дәрежесі: 6В06201– «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр

ҰБТ/ТКТ кезінде таңдалатын пән: таңдау пәні – физика

Оқыту түрі: күндізгі, қашықтықтан оқыту

Оқыту мерзімі:
Орта білімнен кейін 4 жыл (күндізгі)
Орта кәсіби білімнен кейін 3 жыл (күндізгі, қашықтықтан оқыту)
Жоғарғы білімнен кейін 2 жыл (қашықтықтан оқыту)

– инженер біліктілігі бар жоғарғы техникалық білім;
– әр түрлі салалар үшін телекоммуникация желілерін жобалау/құрудың нақты инженерлік шарттарына бейімделу дағдыларыбар жоғарғы техникалық білім;
– қызмет көрсету аясы бойынша заманауи ақпараттық технологиялар (бағдарламалық өнімдер) туралы білімді меңгеруге мүмкіндік беретін жоғарғы техникалық білім;
– байланыс желілері мен жүйелерін интеграциялау (біріктіру) бойынша білімді меңгеруге мүмкіндік беретін жоғарғы техникалық білім;
– сымды байланыс, теледидар және радио байланысы саласындағы көп функционалды кәсіби құзіреттілігі бар жоғары техникалық білім;
– жобалау жұмыстарын орындау дағдылары бар жоғары техникалық білім;
– телекоммуникация саласындағы менеджмент және маркетинг туралы білім ұсынатын жоғары техникалық білім;
– кәсіпкерлік білімі бар жоғары техникалық білім;
– алыс және жақын шетелдердің университеттерінде – Малайзия, Германия, Польша, Болгария, Латвия, Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстанның және т.б. жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігі.
– түлектер жоғары сұранысқа ие және “Казахтелеком” АҚ, «Казтелерадио» АҚ, “РТРК Казахстан” АҚ, «K-CELL» АҚ, «АЛТЕЛ» АҚ, «Corporate Business Systems Engineering» ЖШС, «Транстелеком» АҚ, «НТС сервис» ЖШС, «CT Filmz» ЖШС, «Алтыналмас» АҚ, «Cyberdine systems» ЖШС және т.б. телекоммуникациялық кәсіпорындарда жұмыс істейді;
– студенттер “Казтелерадио” АҚ, “Казахтелеком” АҚ, “РТРК Казахстан” АҚ, «K-CELL» АҚ , «Парк инновационных технологий»АЭА , «АЛТЕЛ» АҚ, “LOGYCOM” ЖШС, «Bekmambetov cinema» ЖШС, «НТК» ЖШС, «Corporate Business Systems Engineering» ЖШС және т.б. ұйымдарда тәжірибеден өтеді.

– Инженерлік графика және компьютерлік сызу
– MatLab бағдарламасында деректерді талдау;
– Телекоммуникациялардағы бағдарламалау негіздері;
– Байланыс жүйелерін инженерлік жобалау;
– Телекоммуникациялық жүйелерді модельдеу;
– Телекоммуникациялардағы ғылыми білім негіздері;
– Телекоммуникациялардағы менеджмент және маркетинг;
– Кәсіпкерлік модуль.

Бекмагамбетова Жанат Мухитовна – кафедра маңгерушісі, техникалық ғылымдар кандидаты, доцент, ассоцияцияланған профессор. 120-дан астам оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми жарияланымдардың авторы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.
Сапаны кепілдігі жөніндегі Тәуелсіз агенттігінің (СКТА) сарапшысының міндетін атқарушы.

Нусупбеков Серік Имансерікұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор.
70-тен астам оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми жарияланымдардың авторы.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан кинематографиясының үздігі»
«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Ы.Алтынсарин», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталған.

Мирзакулова Шарафат Абдурахимовна – PhD, доцент.
45-тен астам оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми жарияланымдардың авторы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған.
Телекоммуникация желілерін, талшықты-оптикалық беру жүйелерін модельдеу, жобалау және ұйымдастыру саласындағы жетекші оқытушы

Юсупова Гульбахар Мадреймовна – PhD, доцент.
40-тан астам оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми жарияланымдардың авторы.
«Білімім саласын үшін» медалімен, сондай-ақ «Білімім мен саламаттығы үшін» құрметті атағымен марапатталған.
Телекоммуникация желілері мен жүйелері, талшықты оптика пәндерінің жетекші оқытушысы.

  1. «K-CELL» АҚ
  2. «КАЗАКТЕЛЕКОМ»АҚ
  3. «NLS КАЗАХСТАН»ЖШС
  4. «ПАРК ИННОВАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ»АЭА
  5. «ELTEX ALATAU»ЖШС
  6. «АLCATEL-LUCENT»ЖШС
  7. «ҚАЗАҚСТАН» АҚ
  8. «АЛТЕЛ» АҚ

– жақын және алыс шетелдердің университеттерінде – Малайзия, Германия, Польша, Болгария, Латвия, Ресей, Украина, Қырғызстан және Өзбекстанның жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша (бір және / немесе екі семестр) оқу мүмкіндігі.

– ғылыми конференцияларда, шығармашылық конкурстарда, спорттық іс-шараларда қатысу, жүоделі орындар иелену және білім беру гранттарын жеңіп алу мүмкіндігі.

«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»
мамандығының студенттеріне үздік оқу үшін ҚР
мемлекеттік гранттары беріледі.

– Тек қана оқу аудиторияларында емес, шынайы өндірістерде де тәжірибеден өту және дағдылар игеру мүмкіндігі.

Шаклейн Дитер,
«Corporate Business Systems» ЖШС
инженер

Круговых Тимофей,
«Sulpak Service»ЖШС,
Техника маманы

Зубков Никита,
«Trans-Reklama.kz» ЖШС,
менеджер

Рафиков Хасан,
«Контрактное производство «Delta IT» ЖШС, схемотехник

Ненашев Евгений,
«ALSI» ЖШС,
Қызмет көрсету бөлімінің технигі

– республикалық және халыөқаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда қатысу және жүлдеге ие болу мүмкіндігі

– білім алумен қатар демалу, спортпен айналысу мүмкіндігі

БІЗБЕН БІРГЕ ЖАСА; БІЗДЕН ЖАҚСЫ ЖАСА; БІЗБЕН БІРГЕ БОЛ!

– IT-саласындағы жұмыс;
– барлық телекоммуникациялық компаниялардағы: сымдық байланыс, пошта, телеграф, радио байланысы, ұялы байланыс, теледидар және радио хабарлары бойынша жұмыс
– кез келген салада инженерлік жұмыс
– жобалау ұйымдарындағы жұмыс;
– ғылыми мекемелердегі жұмыс.

--

Алмасов Нурбек Жумабекович

«Астана Өрттен-Қорғау 101» ЖШС,
инженер-техник

Бұл мамандықты таңдаған кезде басты критерийлердің бірі не болды? Біздің заманымызда бұл мамандық өте танымал, өйткені біз телекоммуникация саласындағы жаңа технологиялардың даму дәуірінде өмір сүріп жатырмыз.
Сауда, қаржы, денсаулық сақтау немесе білім болсын, экономиканың барлық салаларының дамуы телекоммуникацияның технологиялық жетістіктерімен тығыз байланысты. Табысты жұмыс істеу және экономиканың барлық салаларын одан әрі ілгерілету үшін осы салада нақты базалық білімі бар мамандар қажет. Нақтырақ айтсақ, еліміздің үздік университеттерінің бірі, керемет материалдық-техникалық базасы бар және білікті оқытушылары бар «Тұран» университеті осындай мамандарды дайындай алады.
4 жыл оқығаннан кейін мен университеттен жақсы әсер алдым, кәсіби жұмысқа қажетті барлық білімді алдым. Барлық кафедралар үйлесімді жұмыс істейді, білікті оқытушылар құрамы бар.

--

Беликов Александр Владимирович

«Евразия+ОРТ» ЖШС (Еуразия бірінші арнасы),
Эфирге беру қызметінің жетекші видеоинженері

Мектепті бітіріп, ҰБТ-ны сәтті тапсырғаннан кейін мен жоғары білім алу туралы мәселеге тап болдым, мен университетті таңдағанда «Тұран» университетін таңдауға шешім қабылдадым. «РЭТ» кафедрасының оқытушылары өз саласының мамандары, студенттерге жол табуды біледі, дәріс материалдарын түсіндіріп, тәжірибеден мысалдар келтіре алады.
Кафедра студенттерге өндірістік / диплом алды практикасын өткізуге арналған орын ұсынады, бұл диплмдық жұмыс жазу үшін және болашақ кәсіби қызмет үшін өте маңызды.
Оқу процесінің сапалы жүзеге асуы үшін «РЭТ» кафедрасының материалдық-техникалық базасы өте жоғары деңгейде құрылған, зертханалар ең жаңа оқу-зертханалық кешендермен, стендтермен, көрнекі макеттермен және заманауи компьютерлермен жабдықталған.
«Тұранда» білім алуға кеңесберемін, себебі бұл сіздің телекоммуникация әлеміндегі сәттілікке апаратын жолыңыз!

--

Медведев Петр Александрович

«Эл Си Трэйд» ЖШС,
менеджер

Мен Тұран университетін РЭТ мамандығы бойынша бітірдім.
Айта кету керек, акалавриат бағдарламасының білім беру бағдарламасын игеру үшін Тұранда барлық жағдай жасалған, және дәл осы нәтиже маған оқуды сәтті аяқтап, диплом алуға мүмкіндік берді.
Біріншіден, өз университетінің білікті мамандарынан тұратын, менің құрметіме мәңгі ие болған осы университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын атап өткім келеді. Сабақтар өте қызықты, бұл мұғалімдердің еңбегі, өйткені телекоммуникация саласында тәжірибем бар болғандықтан, күнделікті жұмысымда көптеген қызықты және пайдалы ақпаратты білдім.
Тұран университеті студенттердің академиялық жағдайға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік ортаға бейімделу қабілетін арттыруға бағытталған ерекше атмосфераны құруға көңіл бөледі.
Мен Тұран университетінде оқып жүрген кезімде алған білімім өте құнды деп толық сеніммен айта аламын.

--

Орлов Владимир Леонидович

«КАЗТЕЛЕРАДИО» АҚ,
Тұтынушыларды ақпараттық және техникалық қолдау бөлімінің жетекші маманы

Мен «Тұран» университетінде жоғары білім алдым. Төрт жылдық оқу кезеңіндегі студенттік өмір өте қызық әрі қанық болды. «РЭТ» кафедрасында байланыс және телекоммуникация саласындағы теориялық негіздерді дұрыс ұсына алатын кәсіби оқытушылар құрамы жұмыс істейді, сонымен бірге алған білімдерін іс жүзінде бекітуге көмектеседі. Кафедра студенттерді ғылыми жұмыстарға, кәсіби және тұлғалық өсуге ынталандыру мақсатында үнемі ғылыми конференциялар, семинарлар, конкурстар өткізіп тұрады.
Оқу процесін жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін «РЭТ» кафедрасының материалдық-техникалық базасы қамтамасыз етілген, технологиялық дамудың қазіргі кезеңіне сәйкес зертханалар заманауи бағдарламалық қамтамасыздандырылған оқу-зертханалық жабдықтармен және компьютерлік сыныптармен жабдықталған.
«Тұран» университеті сапалы білім алуға және өзін-өзі дамыту үшін одан әрі негіз алуға барлық мүмкіндіктерді ұсынады деп санаймын!

«ТУРАН» УНИВЕРСИТЕТІ, ДОСТЫҚ даңғылы, 110,

«Кино және теледидар академиясы» факультеті,

«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы

Бекмагамбетова Жанат Мухитовна
жұм.тел.:8(727)3858783
zh.bekmagambetova@turan-edu.kz

БІЗБЕН БІРГЕ БОЛ!

Skip to content