Онлайн-дөңгелек үстел «ӨТКЕННЕН БҮГІНГЕ ДЕЙІН: ҚАЗАҚСТАН ОЙШЫЛДАРЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КӨЗҚАРАСПЕН »

 In Жаңалықтар, Таңдаулы жаңалықтар
Ұйымдастырушылар:

«Рухани Жаңғыру» Жобалық кеңсесі;

«Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасы;

Қазақстан халықтары Ассамблеясы кафедрасы

                    Өткізу уақыты:

29 сәуір 2020 ж.

Сағат 10.00.

 

2020 жылдың 29 сәуір күні «Тұран» университеті әл –Фарабидің  1150 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Өткеннен бүгінге дейін: қазақстан ойшылдары қазіргі заманғы көзқараспен» тақырыбына  онлайн-дөңгелек үстел өткізеді. Дөңгелек үстел барысында қазіргі қазақстандық қоғамның рухани дамуы мен қоғамдық сананың жаңғыруы жағдайындағы әл – Фараби мен Абай Құнанбайұлының интеллектуалдық мұраларын зерттеудің өзекті мәселелері талқыланады. Дөңгелек үстелді «Тұран» университетінің «Рухани Жаңғыру» Жобалық кеңсесі, Қазақстан халықтары Ассамблеясы  мен «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедралары  өткізеді.

Дөңгелек үстел жұмысына аталған тақырыптың негізгі мәселелерімен айналысатын  Қазақстан Республикасының және шет елдердің жоғарғы оқу орындары мен ғылыми – зерттеу институттарының  өкілдері (тарихшылар, философтар, саясаткерлер, әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылар мен филологтар) қатысады.

Дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын, түрік.

Дөңгелек үстел жұмысына қатысу формалары:

а) панельдік пікірталасқа баяндамамен қашықтықтан қатысу;

б) баяндамасыз қатысу.

 

Дөңгелек үстелдің басты бағыттары:

  1. Қоғамдық сананың жаңғыруы қазіргі қазақстандық қоғамды дамытудың басты бағыты ретінде
  2. Қазіргі заман контексіндегі әл-Фарабидің интеллектуалдық мұрасы
  3. Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы Абай Құнанбайұлының интеллектуалдық мұрасы
  4. Орталық Азияның интеллектуалдық тарихындағы әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлы шығармашылықтарының орны мен рөлі
  5. Тарихтың, философияның, әдебиеттану мен тіл білімінің өзекті мәселелері

 

       Қатысу шарттары:

Дөңгелек үстелдің жұмысына қатысу үшін 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін өтініш жіберіңіз (баяндамамен немесе баяндамасыз қатысу деп көрсетіңіз).

Анықтама телефоны: 8 (727) 26040–29

Ұйымдастыру комитетінің төрағасы: Нурмуханова Гульнар Жагыпаровна, стратегиялық даму, ғылым және инновация жөніндегі проректор, экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Ұйымдастыру комитетінің төрағасының орынбасары: Герасимова Наталья Сергеевна, «Тұран» университетінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі  жөніндегі проректорының көмекшісі, тел.: +7 (702) 839-44-77, e-mail: n.gerassimova@turan-edu.kz

Ұйымдастыру комитетінің төрағасының орынбасары:  Камалов Аблет Каюмович, «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесінің  жетекшісі, «Тұран» университетінің Қазақстан халықтары Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, +7 (777) 391-96-90,  e-mail: a.kamalov@turan-edu.kz

Ұйымдастыру комитетінің төрағасының орынбасары:  Төлен Жеңісбек Мұратбекұлы,  «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі, PhD, тел.: +7 (707) 770-38-68,  e-mail: zh.tolen@turan-edu.kz

Автордың тіркелу формасы (қатысу формасын көрсету: баяндамамен, баяндамасыз)

 

Автор  
Фамилия, аты, әкесінің аты(толық)  
Қызметі,  ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы  
Мекеменің атауы (толық)  
Байланыс мәліметтері: e-mail, үй және кеңсе телефоны (қала кодымен)  
Баяндама атауы  
Recent Posts
Skip to content