«Назарбаев моделі» жас ғалымдардың халықаралық онлайн форумы

 In Жаңалықтар, Таңдаулы жаңалықтар

2020 жылдың 27 қазанында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін «Назарбаев моделі – ХХІ ғасырдың шақыруларына стратегиялық жауап» атты жас ғалымдардың халықаралық онлайн форумы аясында «Инновация және кәсіпкерлік: COVID-19 шындықтағы трансформация моделі» тақырыбында секция жұмыстары өтті.

Секцияны Нұрсұлтан Назарбаев қоры, «Тұран» университеті, «Атамекен» АЭС ұйымдастырды. Іс-шараға «Тұран» университетінің «Маркетинг және логистика», «Менеджмент», «Әлемдік және ұлттық экономика» кафедралары белсенді қатысты.

Секцияның мақсаты COVID-19 нақты жағдайында бизнес-модельді трансформациялаудың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған инновациялық идеяларды қолдана отырып, шағын және орта бизнесті дамыту үшін күш біріктіру болды.

Онлайн форматта өткен іс-шараға Әбілшайықов Н.Б. – «Атамекен» АЭС директоры, Ларион Лян – кәсіпкер, қоғам қайраткері, инвестор, «IC Group» компаниялар тобының негізін қалаушы қатысты. Олар кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығын және ең алдымен стандартты емес және инновациялық тәсілдерді енгізудің шешімдері жайлы талқылады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік орта таптың қалыптасуы мен нығаюына ықпал ететіндігін атап өтті. Кәсіпкерлік пен мемлекеттік органдардың ерекше байланыстары мен өзара әрекеттесу бағыттарын, жеке тұлғаның, әсіресе жас ұрпақтың бірқатар жағымды қасиеттері мен құндылық бағдарының қалыптасуына кәсіпкерлік қызметтің әсері сөзсіз екені жайлы сөз етілді. Кейбір тезистер, әсіресе «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Экономика», «Маркетинг» білім беру бағдарламаларының студенттерін қызықтырады.

Александр Ван де Путтенің – АХҚО корпоративтік басқару департаментінің төрағасы, профессор А.А.Аруповтың, профессор А.Т.Тлеубердинованың сөздері «Логистика» мен «Менеджмент» магистранттары мен докторанттарына және «Экономика» мен «Менеджмент» білім беру бағдарламаларының магистранттары мен докторанттары арасында ерекше қызығушылық тудырды.

Сонымен қатар, Қазақстанның ХХІ ғасырдағы экономикалық стратегиясының мәселелері бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және COVID-19 орнықты қалпына келуі, қазақстандық туризм саласындағы кәсіпкерлік қызмет тақырыбында талқылаулар болды. «Әлемдік экономика» білім беру бағдарламасының студенттері ағылшын тілінде алынған тәжірибе мен әлемдік тенденциялар, шетелдік тәжірибе туралы ақпарат пен материалдарды атап өтті. Бұл кәсіпкерлерге өз бизнесін жүргізудің, оның бәсекеге қабілеттілігін сақтаудың ең қолайлы тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді. Оны шетелдік спикерлер И.Юлдашев – Атқарушы директор «SolBridge Business School», Энтони Альфонц – «ELA» вице-президенті, профессор В.Ф.Лукин ұсынды.

Бөлімнің барлығына қол жетімді болғаны қуантты. Трансляция YouTube каналында https://youtu.be/bLQ2lbLXFH8 «Модель Назарбаев»жас ғалымдардың халықаралық онлайн форумы» сілтемесі бойынша жүргізіліп, рекордтардың көп қаралымына ие болды.

«Тұран» университетінің барлық экономикалық мамандықтарының студенттері, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ,ҚазКК университеттерінен шақырылған студенттер спикерлерге өз пікірлерін, сұрақтарын қалдыра алды.

Recent Posts
Skip to content