6М040600 «Режиссура» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мақсаты жоғарғы оқу орындарында, ғылыми-зерттеу ұйымдарында тиімді жұмыс істеуге қабілетті, бакалаврларды дайындауды жүргізетін, өз бетімен жеке ғылыми-зеттеу жұмыстарын орындай алатын, ғылыми-шығармашылық ұжымдарда заманауи экран өнерінің теориясы мен практикасына қатысты сұрақтарды қарастыратын ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік ете алатын, ғылыми негізде әлеуметтік маңызды, халықаралық, республикалық шығармашылық жобаларды басқаратын, барлық тұрғындардың эстетикалық-көркем дамуына бағытталған әлеуметтік аудиовизуалды жобаларды жасайтын, отандық мәдениеттің материалдық емес мемлекеттік және халықаралық бағдарламаларының дәстүрлі және инновациялық формаларын жасауға, сақтауға және дамытуға қатысатын кәсіби жоғары заманауи магистрлерді дайындауға бағытталған.

Академиялық дәрежесі: өнертану ғылымдарының магистрі.
Қабылдау емтихандары:
– Шетел тілі
– Шығармашылық емтихан
Оқу түрі: күндізгі
Оқу ұзақтығы:
– Профильді бағыт (оқу мерзімі – 1 және 1,5 жыл)
– Ғылыми-педагогикалық бағыт (оқу мерзімі – 2 жыл)

– Кино және теледидар режиссурасы
– Музыкалық клиптер мен жарнамалардың режиссурасы

– Практикалық тәжірибесі бар, жоғары білікті оқытушылар құрамы;
– Магистранттарды кәсіпкерлік қызметке үйрететін, кәсіпкерлік модулдер;
– Киноөндіріс саласында отандық және шетелдік жетекші мамандардың шеберлік сағаттары (мастер-классы);
– Жақын және алыс шетелдегі жетекші киномектептермен ынтымақтастық;
– Заманауи материалдық-техникалық шарттар (студиялық павильондар, көру бөлмелері, сахналық алаңдар, «Интернет» желісіне қосылған компьютерлік техникалық және кәсіби бағдарламалары бар СӨЖ-на арналған бөлмелер, «Тұран» театралды студиясы, «Тұран» киноклубы, «Turan Art» галереясы);
– Сертификатталған ағылшын тілі

– Режиссурадағы заманауи технологиялар мен тенденциялар
– Кино, теле және экран өнеріндегі ғылыми зерттеу әдістері
– Кино өнерінің заманауи мәселелері
– Заманауи кино және теле өндірістегі режиссер
– Эстетика теориясы
– Режиссердің кино және теледидардағы мамандармен жұмысы
– Визуализация тілі
– Монтаждың заманауи түрлері
– Кинотіл өнері
– Экран өнерлерінің көркемдік құралдары
– Жарнамалық өнердің заманауи проблемалары
– Жарнама тарихы мен теориясы
– Музыкалық клиптер мен жарнаманың драматургиясы
– Жарнама психологиясы
– Клиптер мен жарнамалардың заманауи монтажы
– Клип монтажындағы эстетика теориясы
– Менеджмент
– Жобаларды басқару
– Инновациялық бағдарламаларды басқару
– Ағылшын тілі (сертификатталған курс)

Көбек Г.Б. – кадефра меңгерушісі, өнертану PhD.

Каракулов А.Б. – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Тарлан» сыйлығының лауреаты, кинематографистердің Интернациональды фестивалінің алтын жүлдегері (Токио), Халықаралық кинофестивальдің FIPRESCI жүлдегері (Барселона), Таормин фестивалінің гран-при иегері (Италия), кинематографистердің «Tiger Award» интернациональды фестивалінің жүлдегері (Роттердам).

Коренчук В.Д. – Петров ғылым және өнер академиясының академигі, FIAP фотография өнері халықаралық федерациясының құрметті мүшесі, Еуропалық ISF фоографиялық ассоцияциясының құрметті мүшесі, 2018 жылы халықаралық фотография өнері федерациясының «Excellence FIAP gold» құрметті титулын алды. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалімен, Д.П. Багаева атындағы «Фотоөнердің дамуына қосқан үлесі үшін» құрметті медалімен марапаталды. Халықаралық фотокөрмелерде жүзден аса марапаттары бар, соның ішінде FIAP фотографиялық өнер халықаралық федерациясының 10-нан аса алтын медалінің иегері.

Токарев М.М. – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисті. «Мәдениет пен өнердің дамуына қосқан үлесі үшін» құрметті белгісімен марапатталған, 35 жылдан аса М.Ю.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері жұмысын атқаруда.

Болсанбек К.С. – профессор, «Қазақстан Республикасы білім беру үздігі».

Божеева А.М. – өнертану PhD-ы, режиссер, сценарист, халықаралық журналистика және БАҚ магистрі.

Жетируов Ж.И. – кинорежиссер, сценарист, продюсер, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері. 60-тан аса деректі фильмдердің сценарий авторы және режиссері. Қазақстан кинематографистері Одағының мүшесі.

Умаров М.Ж. – Мәдениет саласының үздігі, қоюшы кинооператор, деректі фильмдер режиссері, Қазақстан және Қырғызстан кинематографистері Одағының мүшесі. «Қазақстан» РТРК Алматы филиалының бас операторы. Республикалық, бүкілодақтық, халықаралық кинофестивалдердің лауреаты. Халықаралық кинофестивалдердің жеңімпазы «Фаджр» (Тегеран) және «Евразия» (Астана) «Оралман» фильмдерінің қоюшы-операторы.

Тюлькин В.В. – деректі фильмдер режиссёрі, «Платиновый Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, КСРО кинематографистері Одағының мүшесі. Айтулы кинофестивалдердің көптеген марапаттарының иегері. Полоцкідегі бүкіл одақтық кинофестивалдің алғашқы жүлдесі, «Ресей» көркем фильмдерінің ашық кинофестивалінде гран-при, «Амнистия интернешнл» МКФ-де гран-при, «Адам және табиғат» МКФ-де бас жүлде, «CAFIF» әділ қазылар мүшесінің арнайы сыйлығы, 2017 жылы Екатеринбургте деректі фильмдерінің ХХVIII «Ресей» ашық фестивалінде «Өмірді растайтын образды сомдағаны үшін» әділ қазылардың арнайы жүлдесін, Бразилиядағы халықаралық «Жеңу» («Overcome») кинофестивалінде арнайы жүлде алған.

Чукмасов А.М. – режиссер, монтаж режиссері, монтаж бойынша суретші, «Мәдениет саласының үздігі». «Алтын жұлдыз» фестивалінің лауреаты, ресейлік «Золотой Витязь» кинофестивалінің дипломанты, «Құлагер 2010» ұлттық сыйлығының лауреаты.

Долматова Н.В. – театр және кино әртісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі. М.Ю. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының жетекші әртісі, «Құрмет» орденінің иегері.

Шекеров Б.Б. – магистр, кинодраматург, өнертанушы, жазушы, сценарист. Бүкілресейлік мемлекеттік кинематографистер институтының түлегі, «Киноликбез» МКФ жүлдесі.

– «Евразия» халықаралық кинофестивалі
– Әлемдік киномектептер ассоциациясы, «Бастау» халықаралық студенттік фильмдер фестивалі және киномектептері
– Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ
– «Қазақстан» РТРК АҚ
– «Коммерциялық телевизиялық канал» АҚ
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық кинофотоқұжаттар және дыбысжазба архиві
– Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры
– «Ораз Әбішев Қоры» қоғамдық қоры
– «TANARIS Production»
– М.Ю. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
– «ARTиШОК» театры

Біздің магистранттар қалыпасқан халықаралық байланыс негізінде академиялық мобилділік бағдарламасы аясында шетелге оқуға шығуға, серіктес-жоғарғы оқу орындарында жазғы мектептерге баруға және кәсіби іс-тәжірибеден өтуге мүмкіндіктері бар. Жыл сайын әлемнің әйгілі киномектептерінің атақты шеберлері (мастерлері) білім алушылар үшін тренингтер өткізеді. Нью-Йорк киноакадемиясы, Нью-Йорк қаласы, Лос-Анджелес, АҚШ, Седжонг қаласындағы Медиа және өнер Корей университеті, Гонконг қаласындағы Оңтүстік Корея халықаралық кино және теледидар академиясы, ҚХР.
С.А. Герасимов атындағы бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университеті, РФ, Мәскеу қаласы.
Режиссерлер мен сценаристердің жоғарғы мектебі, РФ, Санкт-Петербург қаласы
Красноярск өнер институты, РФ, Красноярск қаласы.
«Қырғызстан кинематографистерінің одағы» қоғамдық ұйымы, Бішкек, Қырғызстан

«Режиссура» мамандығының магистранттары оқу процесі кезінде ғылыми өмірге белсене араласып, университеттің барлық ғылыми-зерттеу іс-шараларына қатысады. Магистранттар конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, шеберлік-сағаттарына, мәдениет және өнер саласындағы шығармашылық кездесулерге, сонымен қатар, салауатты өмір салты және қайырымдылық акцияларына қатысады.

– Жоғарғы оқу орнында жұмыс
– Ғылыми-шығармашылық ұжымдарда ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік ету
– Шығармашылық жобаларға жетекшілік
– Аудиовизуалды жобаларды жасау
– Отандық және халықаралық мәдениет пен өнер мекемелерінде жұмыс

Кафедра «Киноискусство» тел.260-40-34

Заведующая кафедрой, к.иск.,

Секеева Анара Маратовна,

тел. 260-40-34,

a.sekeyeva@turan-edu.kz

Skip to content