
Магистратура – «бакалавриат – магистратура – PhD докторантурасы» кадраларды даярлаудың қазіргі заманғы үш сатылы жүйесінің екінші сатысы. Магистратурада оқыту қазақстандық халықаралық компанияларда табысты ғылыми-зертту, педагогикалық, тәжірибелік-конструкторлық және жаңашылдық қызметке қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.
Кәсіби ЖОО-дан кейінгі бағдарлама Сізге нағыз кәсіпқой болуыңызға, қазіргі міндеттерді шеше білуге, басқаруда және ғылыми-зерттеу қызметінде, қазіргі бәсекелестік ортада алған біліміңіз бен дағдыларыңызды басшылыққа алуға мүмкіндік береді.
«Тұран» универсмтетінің магистрінің дипломы – мемлекеттік үлгідегі диплом, тек іргелі даярлықты беріп қана қоймайды, сонымен қатар қызметке орналасу кезінде біздің түлектердің жоғарыбіліктілігі туралы куәландыра алатын жетекші қазақстандық және шетелдік компанияларда жоғары бағаланатын инструментальды білімдер мен дағдыларды береді.
«Тұран» университетінің магистратурасы – бұл - табысқа
- білімге
- мансапқа
- ғылымға
сенімді қадам!
- табысқа
- білімге
- мансапқа
- ғылымға

Ғылым магистрінің дәрежесі (MSc) – MSc, MS немесе M.Sci түрінде жиі қысқартылатын екінші академиялық дәреже. Степень MSc дәрежесі салмақты ғылыми зерттеуді орындау болып табылатын негізгі бөлімді, оқу бағдарламасын аяқтаған соң беріледі. Ғылым Магистрінің дәрежесі – бұл жоғары деңгейлі ғылыми, техникалық және кәсіби дағдылардың кепілі.
MSc магистратурасының бағдарламасының бірінде оқыту – бұл сіздің келешектегі кәсіби мансабыңызға енгізу. Ғылым магистрінің (MSc) болашақ мансабының жоспарына кең түрде толықтыру, сондай-ақ докторантурада оқыту үшін маңызды кәсіби дағдыларды дамытуға және академиялық базаны тұрғызуға мүмкіндік береді. Ғылым магистрі (MSc) дәрежесін алу үшін ғылыми жобаны немесе диссертация даярлау және қорғау қажет.
MSc бағдарламасын таңдау соншалықты маңызды болып табылады! MSc магистратурасының төменде көрсетілген, ең танымал бағдарламасының тізімінен тек қана сізге жақын келетін бағдарламаны іздеуді бастаңыз.
Ғылыми және педагогикалық (білім беру деңгейі – бакалавриат немесе жоғары арнаулы білім жұмыс тәжірибесінсіз), оқу мерзімі – 2 жыл.
Салалық (білім беру деңгейі – бакалавриат немесе жоғары арнаулы білім), оқу мерзімі – 1 жыл, 1,5 жыл.
Оқыту түрі: күндізгі.
Оқыту тілі: қазақ, орыс.
Оқыту шарттары: оқыту мемлекеттік грант бойынша және келісімшарт негізінде іске асырылады.
Академиялық дәреже:
Ғылыми-педагогикалық магистратура: MSc ғылым магистрі (сәйкес мамандық бойнша).
Салалық магистратура: Магистр (сәйкес мамандық бойынша).
Тұран университеті магистратурасына қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылы 19 қаңтардағы № 109 қаулысымен бекітілген, ЖОО-дан кейін білім беру кәсіби оқу бағдарламасын жүзеге асыратын, білім беру мекемесінде оқытуға қабылдаудың Типтік ережелеріне сәйкес іске асырылады.
Магистратураға құжаттарды қабылдау 10- шілдеден 30- шілде аралығында жүзеге асырылады.
Магистратураға жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгерген тұлғалар қабылданады.
Магистратура бағыты бойынша оқу мерзімі:
- Ғылыми және педогогикалық, оқу мерзімі – 2 жыл.
- Бейінді, оқу мерзімі – 1 жыл, 1,5 жыл.
1 кезең. Ағымдағы жылдың 30-шілдесіне дейін Қабылдау комиссиясына қажетті құжаттарды өткізу.
2 кезең. Екі қабылдау емтиханын тапсыру:
- Шетел тілі
- Бейінді пән
Қабылдау емтиханы 20- тамызға дейін өткізіледі, қабылдау – 25 тамызға дейін
Мамандықтар | Ғылыми-педагогикалық | Бейіндік |
6М020200 – Халықаралық қатынастар | Жүктеу | Жүктеу |
6М030100 – Құқықтану | Жүктеу | Жүктеу |
6М040600 – Режиссура | Жүктеу | Жүктеу |
6М041200 – Операторлық өнер | Жүктеу | Жүктеу |
6М050300 – Психология | Жүктеу | Жүктеу |
6М050400 – Журналистика | Жүктеу | Жүктеу |
6М050600 – Экономика | Жүктеу | Жүктеу |
6М050700 – Менеджмент | Жүктеу | Жүктеу |
6М050800 – Есеп және аудит | Жүктеу | Жүктеу |
6М050900 – Қаржы | Жүктеу | Жүктеу |
6М051100 – Маркетинг | Жүктеу | Жүктеу |
6М070300 – Ақпараттық жүйелер | Жүктеу | Жүктеу |
6М070400 – Есептеуіш техникасы мен программалық жабдықтар | Жүктеу | Жүктеу |
6М090200 – Туризм | Жүктеу | Жүктеу |