ЕРЕЖЕ

ЖОҒАРЫ БІЛІМ АЛУ ПРОЦЕСІНДЕ БОСАҒАН БОС БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН БЕРУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ

«Тұран» университетінде жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі туралы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 Қаулысына сәйкес әзірленді.

Ереже «Тұран» университетінде жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібін анықтайды.

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  2. Осы жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелері (бұдан әрі – Ережелер) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру гранттарын беру тәртібін айқындайды.
  3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) білім беру гранты – кәсіптік білім алуға ақы төлеу үшін білім алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарда берілетін ақшаның мақсатты сомасы;

2) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

3) республикалық конкурстық комиссия – білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі конкурсты өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі – Комиссия);

  1. ЖОҒАРЫ БІЛІМ АЛУ ПРОЦЕСІНДЕ БОСАҒАН БОС БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН БЕРУ ТӘРТІБІ

2.1. Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттары оқу мамандықтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі. Конкурс аралық аттестаттау нәтижелері бойынша білім беру грантын тағайындау туралы куәлік берумен өткізіледі.

Бос білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде үлгерімнің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда тек А, А- (“өте жақсы”) бағалары, одан кейін А, А- (“өте жақсы”) – дан В+, В, В – (“жақсы”) – ға дейінгі бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.

2.2. Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы демалыс кезеңінде конкурстық негізде бар бос орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) ақылы негізде білім алушы жоғары оқу орны басшысының атына білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға өтініш береді;

2) ЖОО осы өтінішті конкурстық негізде қарап, Ғылыми кеңестің шешімімен бірге ағымдағы жылдың 5 тамызы мен 15 қаңтарына дейінгі мерзімде оны шешім қабылдау үшін білім беру саласындағы уәкілетті органға жібереді. Білім алушының өтінішіне Ғылыми кеңестің шешімімен бірге білім алушының сынақ кітапшасынан немесе транскрипт көшірмесі, оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және жоғары оқу орнынан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (түпнұсқа) қоса беріледі;

2.3. нақты мамандық бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары жазғы және қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша дайындық бағытының ішінде конкурстық негізде беріледі;

3) білім беру саласындағы уәкілетті орган түскен құжаттарды оқуға түскен жылын ескере отырып, мамандықтар, оқу нысандары мен мерзімдері бөлінісінде қарайды және мәселе оң шешілген жағдайда білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады;

4) білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығы негізінде білім беру грантын беру туралы куәлік ресімделеді;

5) білім беру грантын беру туралы берілген куәліктің негізінде жоғары оқу орнының басшысы білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға бұйрық шығарады.

2020 жылғы 10 қаңтарға дейін

Архив:

2019 жылғы 15 маусымға дейін

Бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсы

Бос білім беру гранттарын тағайындау нәтижелері

Skip to content