Владимир Викторович Тюлькиннің «13 километр» фильмі – Вареш қаласында (Иран) 9-шы Халықаралық кинофестивальдің Гран-при жүлдесін алды

 In Жаңалықтар

2019 жылдың 29 сәуір мен 4 мамыр аралығында Вареш қаласында (Иран) 9-шы Халықаралық кинофестиваль өтті, байқау бағдарламасына В. В. Тюлькиннің «13 километр» жұмысы қатысты.

«13 километр» деректі фильмі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Фильмнің түсіріліміне «Тұран» университетінің студенттері қатысты.

«13 километр» деректі фильмі барлық қиындықтарды еңсерген фермер Серік Боданбаев есімді зағип туралы баяндайды. Ол басына түскен қиындықтарды еңсеріп, өзінің шыдамдылығы мен табандылығының арқасында  мақсатына жете білген ер азамат.

Recent Posts