Бос қызмет орындарына орналасуға конкурс!

БОС ОРЫНБАСАРЫ АУЫСТЫРУҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ

«Тұран» университеті» білім мекемесі 2019–2020 оқу жылына жоғары оқу орындарының оқытушы-профессор құрамы мен ғылыми қызметкерлері бос қызмет орындарына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар газетке хабарландыру жарияланған сәттен бастап 09.01.2020ж.-28.01.2020ж. аралығында ректордың атына өтініш (еркін нысанда) жазады. (211 кабинет)

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 16А, 211 каб. және Достық даңғылы 110, 106 каб.

Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: 8(727)260-40-14,

факс 8(727) 262-22-98, 8(727)264-48-72, факс 8(727) 264-39-82

немесе е-mail бойынша: reception@turan-edu.kz, hr@turanedu.kz 

Профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу конкурсына «Тұран» университетінің профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына қойылатын біліктілік сипаттамаларына сәйкес тұлғалар жіберіледі.

Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

1) кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

2) өмірбаян;

3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмесі, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

4) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

5) ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);

6) № 086 нысанындағы медициналық анықтама;

7) тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен берілетін, есепке алыну бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

8) профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жоба презентациясы және ғылыми-зерттеу жұмысының жобасы (электрондық нұсқада, көлемі 10 слайдтан көп емес)

9)конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмағаны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

10) конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмағаны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.

Тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын ұсынбау өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушысы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар ұсынуға құқылы.

БОС ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІМІ

«Тұран» Университеті» Мекемесі оқытушы-профессор құрамы бос

қызмет орындарына орналасу конкурсы туралы хабарлайды

«Маркетинг және логистика» кафедрасы – кафедра меңгерушісі (ғылым докторы және (немесе) ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) және (немесе) бейіні бойынша доктор), лауазымына.

«Тұран» университетінің оқытушы-профессор бос қызмет орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссия отырысының өтетін мерзімі және орны:

20.08.2019ж. сағ 15.00-де, 401аудитория

21.08.2019ж. сағ 10.00-де, 401аудитория 

Конкурсқа қатысушылар міндетті түрде қатысуы керек

Skip to content