Аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу туралы

 In Жаңалықтар, Таңдаулы жаңалықтар

«Тұран» университеті пандемияның қиын жағдайында білім беру бағдарламаларын қашықтықтан жүзеге асыруды қамтамасыз етіп келеді. Бұл ретте біз алдымызға оқу сапасының төмендеуіне жол бермеу міндетін қойдық. Университет білім алушылар мен педагогтардың қашықтықтан білім беру технологияларына, онлайн-сабақтарды өткізу жүйелеріне, тапсырмаларды электронды түрде орындау және тапсыру жүйелеріне қол жеткізуін қамтамасыз етті.

Білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу университеттің Сапа саясаты мен Академиялық саясатына сәйкес жүзеге асырылады. Емтихандарды өткізу формаларын анықтау кезінде біз ҚР БжҒМ-нің әдістемелік ұсыныстарының негізгі ережелерін ұстандық, сондай-ақ білім алушылар мен университет педагогтары ұжымының ұсыныстары ескерілді.

 

 

2019/2020 оқу жылында «Тұран» университетінде аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу

АЛГОРИТМІ

  1. Күндізгі бөлімнің аралық аттестаттауы (көктемгі семестр, бітіруші емес курс студенттері / магистранттары / докторанттары үшін).
Емтихандардың ықтимал түрлері Сипаттамасы Ескертпе
1. Онлайн-

емтихандар

Онлайн-тестілеу Емтихан LMS Platonus платформасында

ұйымдастырылады.

Ауызша

онлайн-емтихандар

Емтихан Google Meet, Google Hangouts,

Cisco Webex платформаларында ұйымдастырылады.

«Ашық кітап арқылы» шығармашылық

емтихандар (take-home open book exam).

Емтихан Google Meet, Google Hangouts,

Cisco Webex платформаларында ұйымдастырылады.

2. Емтиханды 2020 жылғы 25

тамыздан аспайтын мерзімге ауыстыру.

 

Егер студенттің жеткілікті техникалық құралдары және (немесе) Интернет желісіне рұқсаты болмаған жағдайда, студентке орташа баллды (GPA) есептеуге әсер етпейтін “аяқталмаған” (“I” – Incomplete) бағасы қойылады. Грантта оқитын

студенттер стипендия алуды жалғастырады. 2020-2021 жылы

стипендияны сақтау мәселесі барлық

емтихандарды

тапсырғаннан кейін анықталады.

3. Ағымдағы үлгерім нәтижелері бойынша баға қою арқылы

емтиханның күшін жою.

Оқу нәтижелеріне қол жеткізуді бағалау пәннің силлабусына сәйкес қойылған

ағымдағы бағалар негізінде жүргізілуі мүмкін.

«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» МЕК қоспағанда.
Егер онлайн-емтиханға қатысу техникалық себептермен тоқтатылса, студент / магистрант / докторант ұсынылған 2-ші немесе 3-ші нұсқаны таңдауға мүмкіндігі бар және тиісті өтініш береді (өтініш нысанын және өтініш беру нұсқаулығын эдвайзерден алуға болады).

«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» МЕК үшін онлайн-емтиханға қатысу техникалық себептерге байланысты үзілген жағдайда студент 2-ші нұсқаны таңдайды және тиісті өтініш береді (өтініш нысанын және өтініш беру нұсқаулығын эдвайзерден алуға болады).

Емтихан түрін (онлайн-тестілеу, ауызша онлайн-емтихандар, «ашық кітап арқылы» шығармашылық емтихандар) оқытушы анықтайды.

 

Аралық аттестаттау қолданыстағы академиялық күнтізбемен белгіленген мерзімде өтеді. Академиялық күнтізбе «Тұран» университетінің сайтында орналасқан: TURAN ONLINE – Оқу үдерісі – Бакалавриат / Магистратура / Докторантура – Академиялық күнтізбе.

 

ҚОТ қолдану арқылы қашықтықтан оқыту режимінде көктемгі сессия емтихандарын өткізу туралы ақпарат – күні, уақыты – білім алушыларға корпоративтік электрондық пошта арқылы жеткізіледі және «Тұран» университетінің сайтында орналастырылады: TURAN ONLINE – Оқу үдерісі – Бакалавриат / Магистратура / Докторантура – Кесте. Орналастыру мерзімі – 2020 жылғы 27 сәуір.

 

  1. Қорытынды аттестаттау

 

Базалық қағидат Дипломдық жұмысты (жобаны) / магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау міндетті.
Кешенді емтихан нысаны Ауызша онлайн-емтихандар (Google Meet, Google Hangouts, Cisco Webex).
Кешенді емтиханды

ауыстыру.

Егер студенттің / магистранттың жеткілікті

техникалық құралдары және (немесе) Интернет желісіне қолжетімділігі болмаған жағдайда, білім алушының өтініші бойынша кешенді

емтихан 2020 жылдың шілде-тамызына ауыстырылады.

Кешенді емтиханды қол жеткізілген жетістіктердің жиынтық бағаларымен ауыстыру. Егер студенттің / магистранттың жеткілікті техникалық құралдары және (немесе) Интернет желісіне қолжетімділігі болмаған жағдайда, білім алушының өтініші бойынша кешенді емтихан өткізуді кешенді емтихан пәндері бойынша қойылған бағалар негізінде жиынтық бағалаумен ауыстыруға болады.
Дипломдық жұмысты

(жобаны) / магистрлік

диссертацияны / жобаны қорғау.

Дипломдық жұмысты (жобаны) / магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау Google Meet, Google Hangouts, Cisco Webex бейнеконференцияларын өткізуге арналған платформалардың көмегімен жүргізіледі.
Әрбір студент / магистрант кешенді емтихан тапсырудың ұсынылған 3 нұсқасының бірін таңдап, тиісті өтініш береді (өтініш нысанын және өтініш беру нұсқаулығын эдвайзерден алуға болады). Үздік дипломға үміткерлер міндетті түрде ауызша онлайн-емтихан тапсырады.

 

Қорытынды аттестаттау қолданыстағы академиялық күнтізбемен белгіленген мерзімде өтеді. Академиялық күнтізбе «Тұран» университетінің сайтында орналасқан: TURAN ONLINE – Оқу үдерісі – Бакалавриат / Магистратура – Академиялық күнтізбе.

 

ҚОТ қолдану арқылы қашықтықтан оқыту режимінде шолу дәрістерін, кешенді емтихандарды өткізу және дипломдық жұмыстарды (жобаларды) / магистрлік диссертацияларды (жобаларды) қорғау туралы ақпарат – күні, уақыты – білім алушыларға корпоративтік электрондық пошта арқылы жеткізіледі және «Тұран» университетінің сайтында орналастырылады: TURAN ONLINE – Оқу үдерісі – Бакалавриат / Магистратура – Кесте. Орналастыру мерзімі-2020 жылғы 27 сәуір.

 

Алдын ала қорғау мерзімі академиялық күнтізбеге сәйкес, 2020 жылғы 27 сәуір мен 15 мамыр аралығына белгіленді. Алдын ала қорғау кестесі де білім алушыларға корпоративтік электрондық пошта арқылы жеткізілетін болады.

Recent Posts
Skip to content