«АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

 In Жаңалықтар, Таңдаулы жаңалықтар

2020 жылдың 23 қарашасында сағат 15:00-де «Тұран» университетінде «Әлемдік және Ұлттық экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен, Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының қолдауымен онлайн режимінде Google Meet платформасында «Азық-түлік қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету факторы ретінде» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысы COVID-19 пандемиясының салдарынан туындаған төтенше жағдай кезінде азық-түлікпен қамтамасыз етудің проблемалары мен перспективаларын талқылауға бағытталды. Бүкіл әлем бойынша кәсіпкерлер мен тұтынушылар карантиндік шектеулердің, сауда кедергілерінің және басқа да факторлардың жағымсыз салдарын сезінуде.

Зерттеліп отырған мәселені талқылауға түрлі отандық, шетелдік ұйымдардың өкілдері, сондай – ақ «Тұран» университетінің білім алушылары мен қызметкерлері шақырылды: Исмагулов Р.Б. – «Trade Marketing Solutions» ЖШС директоры, Муратов У.М.- «MOBART» ЖШС директоры, Есмурзаева Л.К., «Еуразиялық банк» АҚ тұтынушылық несиелендіру бағытының жетекшісі, Тесс Дитрих э.ғ.д., профессор, Қазақстан-Неміс университетінің инженерлік-экономикалық ғылымдар факультетінің құрметті профессоры, (Германия, Дрезден қ.), Арупов А.А. – э.ғ.д., профессор, Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры, Чакеева К.С. – т.ғ.к., доцент, Ирктитбаева А.Б., Жарылқасын Ж.Қ. – «Тұран» университетінің аға оқытушылары, Салибекова П.К., Куандыкова М. Б. – «Тұран» университетінің докторанттары.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша кафедраның бастамашыл тақырыбы аясында ғылыми-зерттеу жұмысын күшейту, бизнес-қоғамдастықпен өзара байланыс және «Әлемдік экономика» және «Экономика» білім беру бағдарламаларын әзірлеуге практиктерді тарту туралы қарар қабылданды.

Recent Posts
Skip to content